Мақсат — өмір желкені

Сәлем, құрметті "Массагеттіктер"!

Менің бұл байқауға қатысқандағы бір ғана мақсатым бар — ол барлық мақсаттарыма қол жеткізу. Тек өзім үшін емес, сонымен қатар өзім секілді достарымның жан-жақты әрі болашағына сеніммен қарай алатын мықты азамат пен азаматша болғанын қалаймын! Мен сол үшін ойлана келе қазіргі кездегі әрбір оқушының үрейін туғызған ҰБТ-ға сеніммен қараудың нақты жолдарын ұсынғым келеді. 2017 жылы ҰБТ өзгереді деп БАҚ мәлімдеді, бірақ бәрі сол сабақ, сол тест. Менімен бірге болғандарыңыздан және менің блогтарыма кіріп, жаңа ақпараттарды білгеннен сіздерге зор пайда әкеледі деп сенемін! Сонымен менің мақсаттарым қандай?

1. Қорқынышты үрей туғызатын ҰБТ-ға дайындалу жолдары

2. ҰБТ-ға арналған керемет мотивациялар 

3. Біздің "Алтын Белгілер" не дейді?

4. ҰБТ-мен қосып жүргізе алатын маңызды істер!

Менің осы мақсаттарыма жетудегі жоспарым апта сайын әр қатысушы шығаратын 2 межелі посттарда сіздерді 2017 жылдың түлектеріне өзімнің аз да болса септігімді тигізу. Мен алдыма қойылған 4 мақсатымды сіздерге тиянақты түрде жеткізе аламын деген сенімім мол! Менің жоспарым мынадай:

1. Оқушылардың ҰБТ-ға деген пікірлерін өзгерту

2. Қазірден бастап бұл белестің өмірге қаншалықты маңызды екенін ұғындыру

3. ҰБТ деген асау белестен тапжылмай өткен ардақты жандардың басынан кешкендері

4. "ҰБТ-ға дайындалуға уақыт жетпейді" деген сөзді теріске шығару

Мен үшін жеңіс — ол менің тек жақындарымның еңбегінің бағалануы деп білемін! Мен үшін жеңіс — өзге адамдарға жасаған дүниемнің септігі тигені. Мен үшін жеңіс — менің постымды оқып жүрген азамат не азаматшалардың бұл нәрселерді жәй қалдырмай, уақытылы өз практикасында жүзеге асыруы. Бұл менің басты жеңісім болары сөзсіз!

Байқауға қатысудағы мақсатым оқушыларды жаңа нәрселермен таныстырамын деген ойым, өзім үшін жасалған керемет мүмкіндік!

Байқаудан мен тек жасаған жұмыстарымның нәтижесінің оң болғанын көрсем деймін!

Назар салып оқығандарыңыз үшін рахмет!



Бөлісу: