Өзім жайлы айтар болсам...( Байқау )

Мен  Серікбай Думан Перналыұлы, 2000 жылы 9 маусымның жұлдызы күні ОҚО қазығұрт ауданында   дүниеге келдім. Мен Массагетпен 1 жылдан астам уақыт таныспын. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепте оқимын. Атымды әжем қойған. Жоғарғы биліктегі ер кісімен кездесіп қалыпты. Оның есімі Думан болатын. Достарым мені  <<Шерлок>>, << Профессор >> деп атайды. Анам жеке кәсіпкер. Әкем мұғалім.  Бала кезімнен компьютерге әуес болдым. Жанымдағы балалар секілді дала қуып ойнамадым.  
2. 

 

3. Өмірдегі ұстанымыма келетін болсақ: Қазіргі заман оқығандікі, Жалпы болашақ адамды алдыға сүйреп жатыр. 

1) Өмірдің әр сәтінен сабақ ал.

2) Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ.

3) Букер заңы: Ең кіші тәжірибе, үлкен теориядан артық.

4. Өмірде еліктейтін тұлғаларым: Шерлок Холмс және Билл Гейтс. Себебі олар өте ақылды. Я Шерлок өмірде болмаған адам. Алайда ол үшін тарихи ескерткішкер орнатылған. Билл Гейтске еліктейтін себебім, ол қарапайым ғана өмірде болып, ойлап тапқан затымен әлемді бағындырды. Компьютер екінші әлем. Ол планетадағы ең бай адам.

 

5. Хоббиім: Футбол ойыны. Ол ойын қазір әлемді жаулаған. Біреулерге футбол жай ғана ойын, ал мен үшін арнайы бір дүние. Мен Messi кумирімін. Ол әлем тарихындағы аты аңызға айналатын ойыншы. Музыка және кино қарауды хоббиіме айналдыруға болады. Маған классикалық және реп  әндері ұнайды. Киноға келетін болсақ ғылыми-фантастикалық жанрдағы және детективті жанрдағы фильмдер ұнайды. Арманым ұшқыш болу.

6. Мен бос уақытым: бос уақыттарымда зерттеу жұмыстары және эксперименттер  айналысамын. Физика, химия, биология бағыттарында. Осы қалпымнан таймай  болашақта аспан әлеміне өз үлесімді қоссам деймін. Кейде күнде интернетте отырамын.Бірақ бұл өмірде мен үшін бос уақыт деген жоқ сияқты. Бұл өмір қысқа. Сағатың қанша көп болғанмен уақытың сол 1 уақыт қана  өтеді.

7. Менің бұл байқауға қатысқым келген себебім: мұнда өз өнерімді шыңдасам деймін. Биік белеске жету үшін бар күшімді саламын. Бар уақытты пайдаланып, білімді арттыру, жауапкершілікке бейімделу.

8. Алдағы уақытта Massaget.kz порталына ұсынысым: Өзіңнің жасаған ғылыми жобаларыңды, жасаған эксперименттеріңді т.б ғылыми тұрғыдан қарастыратын білім орындары болмаса зерттеу орталықтары NIS, дарын секілді жерге жіберетін байқау жасаса деп едім. Яғни дарын, зерттеу орталықтарымен бірге бірігіп байқау өткізсе деп едім. 

9. Маған байқау ұнап жатыр. Өте қызықты жан-жақтан бірін-бірін танымайтындар топттасып жұмыс жасау, жаңа дос табу, бірге мақсатқа жету мен үшін қызықты сәттер.

Массагет ойын- сауық порталына алғысымды білдіремін. 



Бөлісу: