Жұлдызай досыма қолдау!!!

   Сәлем достар! Мен бұл сайтқа тіркеліп, алғаш блог жазудамын. Барлығы да менің жан досым әрі сыныптасым Жұлдызайға қолдау көрсету үшін! 

    Біз Жұлдызаймен Астана қаласында пәндік олимпиадада алғаш танысқанбыз. Екеуіміз өз мектебіміздің абыройын қорғап, қатысқан едік. Алғашында жақын араласа алмасбыз деп ойлаганмын. Бірақ бұл ойым қате болған екен, себебі жете таныс болмаған соң бұл ерекше қызды достаңдағыш деп ойлайтынмын... Яғни кез келген бейтаныс жандармен тез араласа қоймайтын ұяң қыз деп... 
   Мен 10 сыныпта  оның мектебіне ауыстым. Содан бері бір-бірімізді жақсы танып, дос болдық. Уақыт өте келе Жұлдызайды өзіме өте жақын тарттым, өйткені ол нағыз қазақи мінезді,   тәрбиелі әрі өзіндік нағыз жазушыға тән мінезі бар. Бірақ оны ашық мінезді деп айта алмаймын, алайда онымен жақын аралассаңыз , оның қандай  әдепті, білімді, мақсатшыл әрі төзімді екенін аңғарасыз. Кейде өзіміздің қыздармен отырғанда, ашылып, әңгіме айтып, біраз көңілденіп, бізді күлдіретін әдеті бар.    
 
   Жуля( өз арамыздағы псевдоним) мақсатын айқын білетін,небір  қиындықты жеңе білетін ерекше тұлға дер едім. Оның бойында жазушыға, тыңдаушыға, кеңесшіге тән дарын және мінез бар! Ол сол  дарынды барша Қазақстанға көрсетсе екен деймін!
   Жулдызай, мен сені сіңілімдей көремін,  саған осы сайыста және өмірінде де тек тәтті жеңістер тілеймін!!! Алдағы уақытта Жоғарғы оқуға бір мамандыққа түсіп, тағы да бірге оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді! Болашақта бірге әріптес болып, елімізге еңбек сіңіруді жазсын! Достарың сені әрдайым қолдайды! Ең бастысы денсаулығың аман болсын, мақсатыңа жете бер, аяулы досым! 


Бөлісу: