Мақсатым орындалады (байкау)

Сәлем достар! Мен бұл блогымда өзімнің мақсаттарымның осы уақытқа дейін қалай орындалғаны туралы жазамын.

Менің алғашқы мақсатым ҰБТ-ға дайындалу.Мен ҰБТ-ға жақсы дайындалдым әлі де дайындаламын.Қазақстан тарихынан 4 сыныптын кітабын оқып,тесттер арқылы дайындалдым.Математикадан есептер шығардым және ғаламтор желісін көбірек пайдаландым.Енді жақсы көрсетемін деп сенем.

Екінші мақсатым ағылшын тілін үйрену болатын.Мен қазір сөйлемдерді аударғанда қиналмайтын болдым және грамматиканы да жақсы менгердім.Әлі де біраз уақыт дайындалып тестте жақсы нәтиже көрсетемін.

Үшінші мақсатым кәріс және араб тілін үйрену  болатын.Мен кәріс тілінің әріптерін тез үйрендім бұрында дайындалғанмын , араб тілі қиындау болды бірақ тез үйреніп алдым.Қазір сөздік қорымды жетілдіріп жатырмын.Кәріс тілінде өзімді таныстыра аламын және біраз апта ,ай мезгілдерді жақсы білемін.Енді жоғарғы оқу орнына түсіп одан әрі қарай жетілдіргім келеді.



Бөлісу: