Үйренгіңіз келе ме???

      Сәлеметсіздер ме? Менің массгеттегі достарым! ШЫнымды айтсам қатты сағынып қалдым. Блогты кешіктіріп жатырмын. Жеке мәселелерім бойынша кешігіп жатырмын. Менің мақсатым ағылшын тілін үйрену болатын. Бұл мақсатымды күнделікті жүзеге асырып келемін. Шынымды айтсам кейбір тақырыптарды аша алатын болдым. Мағынасын түсініп, өзіме керектіні түртіп қоюдамын. Сонымен менің екінші мақсатым өздеріңізге белгілі Қимыл-қол тілін үйрену болатын. Бұл туралы өткен блогымда көрсеткен болатынмын. Алғашқы бейнекөрсетілімінде жалпы өзім туралы айтқан болатынмын. Енді оны сіздерге де түсінікті болу үшін, үйрету сабақтарын өткізуді жөн көрдім. Мен ол сабақтарды келесі аптаның Дүйсенбісінен бастамақпын. Яғни, сіздер қимыл-қол тілінің алфавитін, сандар және күнделікті кездесетін сөз тіркестерін бірнеше видеолар ұсынбақшымын. Сол видеолардан соң сіздерге біршама түсінікті болмақ!!! 

 

      Қимыл-қол тілін үйренсеңіз жарымжан жандарға көмек болады. Айтайын дегенім, егер сіз құлағы естімейтін, сөйлемейтін адам кездестірсеңіз онда сіз мұны міндетті түрде үйренуіңіз қажет. Қимыл-қол тілін үйрену өзге шет тілін үйренумен бірдей. Сіз ойлағандай ешқандай қиыншылық тудырмайды. Тек ынта мен ықылас болса болғаны. Егер қимыл-тілін үйренгіңіз келсе видеоларды асыға күтейік!



Бөлісу: