Дәмі мен сәні үйлесім тапқан пицца!(байқау)

Баршаңызға сәлем! Өздеріңіз білетіндей, мен өткен аптада Италия халқының ұлттық тағамы,әрі қазіргі таңда жастарымыз сүйіп жейтін "пиццаны" табада дайындау болатын болатын. Осы тағамға арналған қоспаларды сіз үйіңізден,яғни бақшаңыз бен тоңазытқышыңыздан табылып қалатыны сөзсіз.

Құрамы:

Қамыр үшін:

Қаймақ - 4 асхана қасығы Майонез - 4 асхана қасығы Жұмыртқа - 2дана Ұн - 9 асхана қасығы

Пиццаның бетіне:

сыр қызанақ қияр болгар бұрышы майонез


1. Алдымен, қамыр жасаймыз.Ұн,қаймақ,майонез,жұмыртқаны бірге қосамыз.

2. Бірге араластырып, қамыр жасап илейміз(қамыр құймақтың қамырындай болу қажет).

3. Енді бетіне қажет заттарды дайындаймыз.Қиярды тураймыз.

4.Қызанақты текшелеп тураймыз.

5. Болгар бұрышын төртбұрыштап тураймыз.

6. Барлығын реттеп,бір ыдысқа жинап алғаныңыз жөн.

7.Сырды үккіштен өткіземіз.

8. Табаға жабыспас үшін түбін майлап,ақырындап қамырды үстіне жаямыз(қамырдың тек жартысын салғаныңыз жөн,сол кезде қамыр жұқа болады)Қызанақты,қиярды,болгар бұрышын бетіне сеуіп,бір қабат майонез жағамыз. Содан кейін сырды бетіне себе беруге болады(сырды біраз қалыңдатып себіңіз)

9. Газға бетін жауып пісіреміз.Отты да біраз азайтамыз.

10. Енді тек піскенің күту қалды.Оның піскенің қалай білеміз? Егер бетіндегі сыр толықтай еріп бітсе,демек пісті деген сөз.

Дайын! Мен өз пиццама "вегетариандық пицца" деп атау қойдым!Астарыңыз дәмді болсын!



Бөлісу: