Менің сушиге деген қызығушылығым! (байқау)

Сәлем Массагет.Сендермен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Бұл менің осы аптадағы екінші блогым. Менің қазіргі айтпағым "суши" жайлы. Алдымен "суши" жайлы қысқаша мәлімет бере кетейін:

Суши - дәмді, пайдалы, зиянды құрамдас бөліктері жоқ, калориясы төмен тағам түрі. Жапон асханасында әлемге танытқанда осы "суши" еді. Ол 1980 жылдан бастап әлемге үлкен танымалдыққа ие бола бастады. Ғалымдардың айтуынша, сушиді сүйіп жейтін адамдардың ми жұмысы жақсы болып, асқорыту жүйесі мен жалпы иммунитеттері мықты болады. Иә, суши жайлы мұндай мәліметтерді айта берсен көп.

Мен сушиді ең алғаш құрбымның туған күніңде жеген едім. Міне,содан бастап менің сушиге деген қызығушылығым арта бастады. Одан кейін интернет беттерінен суши жайлы іздей бастадым. Сөйтіп мен сол кездегі сушидің түрін де тауып алдым. ОЛ "Макизуши(орысша Макидзуши)" деп аталады екен.

Макизуши (жапонша 巻き寿司, maki zushi - орама суши) — балық  еті мен күріш немесе күріш пен көкөністер (мысалы, 4 немесе 6 бөлікке бөлінген, теңіз қырыққабатына оралған күріш пен қияр— каппамаки дейді) орамалаған суши түрі.

Содан кейін де бірнеше рет сушиханаларга барып,өзімде осы сушиді үй жағдайында жасап үйренетін болып шештім және де дәл осы аптада үйренемін.

P.S.Сіздерге өтініш, келесі аптаға дейін менің сушиімді күтіңіздер!



Бөлісу: