Менің мақсатым — воллейбол спортының шебері атану (байқау)

Сәлем достар! Мен бүгінгі блогымда үшінші мақсатым туралы жазбақпын. Үшінші мақсатым - воллейбол спортындағы біліктілігімді дамыту болатын. Воллейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Сондықтан да, воллейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді әрі ағзаға пайдалысы болып табылады. 

Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Себебі бұл спорт адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі. 

Воллейбол ойынымды дамыту барысында жаттығулар жасаудамын. Мектеп спорт залына барып, құрама қыздарымен жаттығуларымызды күнделікті жасаймыз. Әдетте ең бірінші дене қыздыру жаттығуларын жасап аламыз (жүгіру, жүру, секіру,қол-аяқ жаттығулары). Одан кейінгі орындалатын жаттығу – допты астымен, үстімен қабылдап алу, шеңберге ойнау. Бұл жаттығулардың бәрі тренердің нұсқауымен жүргізіледі.

Ойынды бастамас бұрын допты ойынға қосу, соғу жаттығуларын жасаймыз. Жаттығуларды жасап болғаннан кейін, ойын бастау үшін өзімізге қарсы құрама ретінде команда шақырып ойын бастаймыз. Осылай біздің 1 күндік жаттығуымыз өтеді. Одан бөлек, үйде жүргенде жәй жаттығуларды жасап жүремін. Бүгінде воллейболмен айналысқаныма 4 жылдан асты. Осы өткен 4 жылда көптеген жетістіктерге жеттім, бұйыртса әлі де жетемін деген ойдамын.

Барлықтарыңызға салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуды ұсынамын. Көп рахмет!



Бөлісу: