Екінші мәзірімдегі тағам! (байқау)

    Сіздерге белгілі болғандай мен осы жазда әлем асханасының тағамдарын үйреніп жүрмін. Алдыңғы блогымда үнді асханасындағы "джалебиді" әзірлеген болатынмын. Сіздерге ұнады деген үміттемін.

    Ас үй - бұл кез-келген халықтың ұлттық мәдениетінің маңызды бөлігі. Қазақтың «Ас адамның арқауы» деген мақалы босқа айтылмаса керек. Дұрыс тамақтану адам ағзасы үшін өте маңызды. Қазақстанда қанша түрлі ұлт өкілі тұрса, сонша ұлттық тағамның түрі бар демек. Ал мен осы жолы Түрік асханасын қолға алмақшымын. Дүние жүзі бойынша түрік асханасы бірінші бестіктің ішіне кіреді. Өмірінде кәуаптің дәмін татпадым деген адамдар саны саусақпен санарлықтай. Еттен дайындалатын кебабтың тарихымен таныстырып өтудің өзі түрік асханасының тарихпен байланысып жатқандығын айғақтайды. 

  Десерт түрлері — түрік асханасының орасан зор байлығы. Өз ісін жетіп меңгерген аспаздар сонау заманнан бері тамақ даярлау тәсілдерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Түріктердің  жақсы көретін әрі әлемге танымал болған тәттілерінің бірі "пахлава". Әлем асханасында оның сан алуан түрі пайдаланылады. Мен солардың ішінен жазға арналған "пахлава" түрін сіздермен бөліскім келеді. Оны ізірлеу үшін дайындықты да бастап кеттім. Тіпті бетіне әсемдеуге арналған жұлдызшаларды да алып қойдым.

Р.S. Сіздерден өтінерім, егер осы пахлава жайлы толықырақ,әрі рецепін де білгілеріңіз келсе келесі дүйсенбіні күтіңіздер!



Бөлісу: