Мақсатымның асқақ шыңына шықсам... (байқау)

Баяғыда АҚШ президенті Джон Кеннедидің әкесі күнде таңертең төрт ұлы  тамаққа отырғанда: "Сендер көше сыпырушы болсаңдар да, жүргізуші болсаңдар да, дәрігер, ұстаз, кім болсаңдар да, сол таңдаған мамандықтарының шыңына шығып, кәсіпқой болыңдар",-дейді екен. Арман, мақсат, мүдде... Бұл үшеуі бір- біріне ұқсас, ажырамас әлем. Ең үлкен жеңіс - мамандығымыздың кәсіпқойы болып, шыңын бағындыру. Ол үшін әрине жоспар керек, мақсат керек. Байқауға қатысқан қаншама жанның мақсатын оқып отырып, құдды біздің заманның көшбасшысы дегің - ақ келеді!

Жаз айы басталғалы көп уақыт өтті. Біріміз "қала" дейміз, біріміз "ауыл" дейміз, енді біріміз  шет ел асамыз. Баршамыз жаз кезін қызықты өткізгіміз-ақ келеді. Мен де жыл сайын қызықты өткіземін. Бірақ биылғы маусым ерекше... Бірде массагетте уақыт өткізсем, бірде кітапқа үңілуіме тура келеді. Шыны керек, қолыма ұялы телефон алсам болды, ішіне кіріп кетейін деп отырамын. Телефонның пайдасы қандай болса, зияны да сондай. Мақсат үшін не керек? Әрине, уақыт пен денсаулық. Ең бірінші кезекте ұялы телефонды сирек қолдансам деймін. 

♦ ҰБТ... Осы сөзді естісем жаным түршігеді. Дайындалатын кітаптың неше түрлісін алдыма жиып қойдым. Ең алдымен қазақстан тарихынан бастаймын. Барлығын біртіндеп оқып, жақсы нәтижеге қол жеткізуім керек!

♦ Орталық кітапханаға барып  басылым беттерін ақтарып, газет - журналдардан саяси дүниелерді оқығым келеді. Менің сүйікті жазушым - Бердібек Соқпақбаев. Әсіресе, "Менің атым - Қожаны" оқыған ұнайды. Оның "Балалық шаққа саяхат" дейтін повесьтін оқып, көңілім көтеріліп қалады. Алдағы уақытта  қайта оқып шықсам деймін. Мен дәл қазір "Мұхтар Әуезовты оқимын". "Ғабит Мүсіреповты оқимын" деп айта алмаймын. Менің ойым өзгергіш келеді. Дегенмен де, 5 кітап оқу жоспарда бар.

♦ Түрлі тағамдарды әзірлеймін. Оның ішінде тәтті тағамдарды пісіргенді ұнатамын. Тек, тәтті тағамдар ғана емес, көкөністерден жасалған жазғы салаттар жасаймын.

♦Құрбыларыммен саябаққа барып демаламын. Соның ішінде  Аружан, Аяжан, Ақнұр есімді құрбыларым қарапайым  істі немесе затты мысалға алып, бәрін  күлдіріпотырады. Содан болар, олармен уақыт өткізген өте қызықты.

♦ Өз тобыммен бірге жеңіске жету.

Биікке самға, МҰЗБАЛАҚ!



Бөлісу: