Мен - ұлы елдің ұланымын!

Сәлем достар! Менің есімім Сейтбек Мәлік Бақтиярұлы. Ербол Жұмабайұлы ағамыз бастаған азулы да, айбынды Мұзбалақ тобының белді мүшелерінің бірімін. Өзіме келер болсам қазақтың біртуар азаматы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туған жерінен боламын, дәлірек айтар болсам жер жәннаты Жуалыдан боламын. №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мекептің 9 сынып оқушысымын. Мен мақсатымды 5 сынып оқып жүргенде айқындап алдым. Менің арман мақсатым дәрігер болу. Сол мақсатқа жету үшін еңбектеніп келемін. Осы жазда мақсатымның бір бөлігіне Массагетпен бірге жетемін деп шештім. 

Өмірлік ұстанымым: Тазалық саулық - негізі, саулық байлық – негізі.

Менің еліктейтін тұлғам Саийд Юлдаш әлі Құрайыш қажы, халық емшісі. Бұл кісіні танитын адам кемде-кем шығар. Медицинаның қолынан келмеген талай ауруды емдеп жазған өте білімді, дана кісі. Ал хоббиіме келер болсам, суретке түсіруді ұнатамын, әуесқой фотографпын. Суретке түсіру мен үшін өте қызықты іс. Мектепте болып жатқан іс-шараларды  назардан тыс қалдырмай, сүретке түсіремін. 

                                            

Бос уақытымда дәрілік өсімдіктер жинап дәрі жасаумен айналысамы, бұл іспен 4 сыныбымнан бері айналысып келемін. Қазақстанның тамаша табиғатында дәрілік өсімдіктер өте көп. 

Байқауға қатысу себебім Массагет порталында жаңа достар тауып әрі білімімді жетілдіріп ең бастысы мақсатыма жету үшін қатысқым келеді.

Алдағы уақытта Массагет порталы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жарыс ұйымдастырса жөн болар еді. Өз тарихымызды тереңірек білуге септігін тигізер еді деп ойлаймын. 

Барша байқауға қатысушы топтарға сәттілік, ал біздің "Мұзбалақ" тобына жеңіс тілеймін! 



Бөлісу: