Өзім жайлы ақпарат (байқау)

    Мен, Орынбасар Гауһар Рашитқызы алға қойған нақты мақсатын жүзеге асырмай тынбайтын, өте ұйымшыл «Эрудит» тобының мүшесімін. Осы байқау арқылы өзіндік ұраным да қалыптасты: «Алға қойған мақсатың болса,  еш уақытта артқа шегінбе!»

    Болашақта журналистика саласына барғым келеді. Осы саладағы өз ісінің шебері, ақылына көркі сай, өзіндік стилі қалыптасқан тілші Әйгерім Сейфолла – менің үлгі тұтар тұлғам. Сол жан тәрізді тілші болуым үшін блокнотыма  тынбай еңбектенуім керек екендігін және өмірді әрмен қарай қызықты етудің жолдарын үнемі жазып отырамын. Бұл менің тұрақты хоббиіме айналып кетті десем артық айтқандық емес. Сондай-ақ мен айналысатын хоббилер тізіміне өзге ұлттардың әнін айтып, биін билеу, әсіресе, ұйғыр халқының биін үйрену де кіреді. Бос уақытымда ҰБТ-ға дайындаламын , шабыт келегенде өлең жазамын және Массагет порталындағы қызықты блогтарды күнделікті оқып отырамын. Бұл сөзімнің дәлелі мен «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» байқауын жарияланған күні-ақ көрдім және алғашқылардың бірі болып тіркелдім. Негізінде әр түрлі байқауларға (мүшәйра, ән, би байқаулары, олимпиада, т.б) қатысқаныммен, ғаламтор арқылы болатын байқауға қатысып көрмеппін. Ең алдымен, өзімді сынап көру мақсатында, екіншіден, осы жазды пайдалы істермен өткізу үшін осы байқауға қатысқым келді. Массагет порталында өткізілетін бұл байқау келесі жылы да әрі қарай жалғасын тапқанын қалаймын.  

   «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» байқауы тек мақсатқа жеткізіп қана қоймай, қатысушыларды еңбектенуге баулып, шығармашылық ой-өрісін кеңейтіп, жан-жақты білім алуына көмектеседі. Қатысушылар мен жетекшілер ғаламтор арқылы байланыса отырып, бір-бірін қолдап, көмекші бола алады. Жаңа танысулар, жаңа топ – оңы мен солын енді ғана танып келе жатқан оқушылардың даму ортасы деп білемін. Өз тобымдағы  достарым да, жетекшім – Жолдас ағай да ұнады. Барлығы бір-біріне көмектесуге әзір тұрады. Байқауға қатысқаныма еш өкінбеймін. Маған өте қызықты.



Бөлісу: