Уақыт зымырап барады.(Байқау)

       Армысыздар! Сөзінің басын əдеттегідей сəлемменен бастайтын сол баяғы қарапайым қыз - Айданамын.


Бүгінгі жаңа жазбамды шынайы жүрекпен, ой-түйсікпен жазғалы отырмын. Себебі, бір жапырақ қағаз бетіне түсірілген жоспарларымның үштен бір бөлігі орындалған керемет күндер өтіп жатыр. Қызық... Бұл уақытқа дейін арман-мақсаттарым жолындағы шағын жетістіктеріме бұлай қуанбағанмын. Дəлірек айтсам, бұған дейін де жоспар құрып, бірақ оған жету үшін аз-кем қимылдадым. Ішкі күштерім əлсіз болды. Ал, қазір алға қарай ынталандыратын бойымда ерекше мотивация күші оянды. Оның осынша уақыт ұйқыда жатып, енді ғана оянуының бірден-бір себебі - "массагет - жастар порталы" болды.
Адам кез-келген сəтсіздікті мүмкіндіктерге айналдыра білуі керек. Қандай да бір істен рахаттану, ол - жұмсалған күш-жігеріңнің пайда алып келгенін көру, сезіну. Бүгін ешқашанда қайталанбайды. Еңбек ете біл! Əр жаңа күн - жаңа бастауыш. Өзіңе сен! "Қажетінше тырысатын боламын, бұл менің қолымнан келеді" деп өзіңе ішкі күш сыйлай білуің тиіс. Осыны ұқтым.
Ендігі блогымда жұмсалған күш-жігеріммен орындалған кішкене ғана жетістіктерімді баяндайтын боламын. Мен үшін керемет өзгерістерге толы апта болды. Алдағы жазбаларымда...



Бөлісу: