Мен есірткісіз өмірді насихаттаймын

                                             ОІІД ЕБҚКБ  тарапынан жарияланған сайысқа

                           Мен есірткісіз өмірді насихаттаймын

       Мен мектеп мұғалімі ретінде бала болашағына қатты алаңдаймын. Себебі қазір баланы қызықтыратын жаман нәрселер өте көп. Соның бір  басты дерті - нашақорлық. Біз кешегі Төле, Қазыбек, Әйтеке бидің ұрпақтары емеспіз бе? Мұндай жат қылықтарға неге барамыз? Олардың үш ұйықтаса да, түсіне кірмеген зиянды заттар біздің еліміздің жастарын неге бүлдіріп жатыр? Әлде мұның бәрі еліктеушілік пе? Зерттеулерге сүйенсек, есіріткіге қызығатындар негізінен  жасөспірімдер мен жастар екен. Өйткені, жасөспірімдердің бойлары тез қабылдағыш келеді. Сондықтан бір рет есіріткіні қолдансам, ештеңе ете қоймас, деп қалай нашақор болғанын білмей қалады. Олардың өз орталарында қай бала жан-жақты пысық, соңынан өзгелерді еріте алатындай қабілеті болса,соған ұқсағысы келіп ұмтылады. Ол жақсы бала ма, жаман бала ма - ешкімге есеп беріп жатпайды. Ал ата-аналары болса, олармен тек материалдық тұрғыда ғана сөйлесіп, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, бос уақытын қайда, қалай өткізетіндігін білмейді.Себебі сырласуға уақыт таппайды. Мен бәрін кінәләудан аулақпын. Себебі, бес саусақ бірдей емес. Абай атамыз айтып кеткендей, «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын» деп, біздер баланың  бос уақытына қатаң мән беруіміз қажет. Бала тәрбиесін уыстан шығарып алмай,  рухани адамгершілік тұрғысында тәрбиелеуіміз тиіс. Бізде «бала ертең-ақ өседі, ненің жақсы, ненің жаман екенін өсе келе өзі де біліп алады» деген қате ұғым бар. Бала отбасында ішімдік, есіріткі сияқты жаман әдет туралы ерте білсе, одан бойын сол сәттен бастап  аулақ ұстайды.Осыған байланысты ата-аналар балаларының оқып жатқан оқу орнымен, араласатын достарымен терең байланыс жасап, әртүрлі мәдени ұйымдарға, спорттық жарыстарға қатыстыруы тиіс. Атап айтар болсақ, біздің мектебімізде  әрбір оқу жылында ұстаздардың ұйымдастыруымен зиянды заттардан аулақ болуды насихаттау мақсатында әртүрлі  іс-шаралар өтіп тұрады.  Ол жұмыстарға арнайы дәрігерлер мен психолог мамандар, заң орнының қызметкерлері қатыстырылады. Адам денсаулығына, өміріне зияны тиетін, сана мен ағзаны уландыратын заттар туралы  түсінік беріліп,  керісінше салауаттылыққа, өмірде белсенділікке шақырып,  баланың өмірге деген құлшынысын арттыруға жұмыс жасалады. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерді ұстаздарымыз тұрғылықты жері бойынша денешынықтыру және спортпен айналысуға тартып бос уақыттарын тиімді өткізу жұмыстары  да  жүргізіліп келеді.

Қорытындылай келе, мемлекетіміздің жарқын болашағы, еліміздің ертеңі  - XXІ ғасыр жастары. Сондықтан да біздер салауатты өмірді ұстанып, жат әдеттерден аулақ болуымыз тиіс.Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биікке шығару, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді.  Сондықтан ата-бабаларымыз бізге аманат етіп қалдырған тәуелсіз мемлекетіміздің көк туын төмен түсірмей, көкке көтерейік, - дегім келеді.

 

 

           №277 орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі   Үксікбаев Дархан

 

 

 



Бөлісу: