Кемшілік ханның қызында да болады! (Байқау)
блог
Баршаңызға сәлем! Мен «Томирис» тобының мүшесі – Гүлнұрмын. Мақсаттарымды тізбелеп жазған кезімде, бір мақсатымды жазуды ұмытып кетіппін. Кемшілік ханның қызында да болады. Сондықтан айып етпессіздер! Жалпы адам баласы бар болғаны бір немесе екі мақсатпен өмір сүрмейді ғой. Өз басым мен 1 күннің ішінде алдыма көптеген мақсат қойып, сол мақсатыма жетемін. Массагет сайты мақсатыма қол жеткізуге қол ұшын созады деген сенімдемін.
Қалып кеткен мақсатым жазғы демалыста лагерьде демалу болатын. Сәті түсіп, Шымкенттегі Түлкібас ауданында орналасқан «Таң нұры» атты тынығу лагерінде демалып келдім. Маған қатты ұнады. Мен өзіме көптеген жаңа достар таптым және уақытымды тиімді пайдаландым.
Біз онда «Ақсу - Жабағылы» атты мұражайға бардық.
Мәдени іс - шараларға белсене ат салысқаным үшін мақтау қағазымен марапатталдым.
Қысқасы Массагетпен тағы бір мақсатыма қол жеткіздім!