Бұл жолғы арманым өзгеше (байқау)
блог
Армысыздар! Қазағымның асқақ рухты, адал пейілді, Массагет порталының тұрақты оқырмандары.
Таныстыру блогымда өмірлік еліктейтін тұлғам америкалық журналист - Опра Уинфри туралы шағын пікір айтқанмын. Əрине, оның бастан кешкен қиындықтарына қарамастан, еңбектенуі адамды қызықтырмай қоймас (келесі блогымда)...
Бұл жолғы жазбама өзгеше етіп, америкалықтар үшін бір төбе - Опра Уинфри болса, мен үшін, Қазақстандықтар үшін бір төбе, журналист - Ирина Советжанқызы туралы сөз қозғағым келіп отыр... "Ирина Советжанқызын бірі білсе, бірі білмес" деп айта алмаймын.
Оның халықпен бірге қуанып, халықпен бірге мұңайып, жұртының қарапайым өмірдегі болатын жаңалықтарымен құлағдар етіп, қолындағы барымен үлкен іс тындырып жүретіні бəрімізге белгілі шығар. "Информбюро" аталатын жаңалықтар да өзіндік өткір тілімен, ащы да болса сөздің шындығын бүкпей, тікелей бетке айтатын, "Сөздің шыны керек..." айдарын жүргізу арқылы менің мақтанышыма айналған қазақтың "мықты" деген журналист қызы, ҚазҰУ -дың журналистика факультетінің түлегі. Мен оның өмірі "аса бір керемет қуаныштарға толы болған" деп ойламаймын (біз білмейтін қиындықтары қаншама) Шағын ғана арманым: оны кездестіріп, сұхбаттасқым келеді. Ойымда жүрген біраз сауалдарды қойып, оның да өмірінің хан қызындай болмағаны туралы, жетістікке жетудегі оның қандай бағытта болғандығы, қорықпастан тек шындықты айту қабілеті туралы іштей мазалаған ойларымды білгім келеді. Арманым ғой...
Бірақ, армандар да орындалады емес пе? Мен сенемін, күндердің-күнінде менің мақтанышым болған қазақ аруының жанында отыратыныма... Тек оның мен үшін теледидардың ар жағынан жарқырап отыратын бейнесі ешқашан да өшпесе екен...