" Units " жайында (арнайы тапсырма)

Баршаңызға жалынды сəле-ем! Қалдарыңыз қалай? Барлығыңыз арнайы тапсырманың жұмыстарымен бас қатырған шығарсыздар, солай ма? Менде де дəл сол жағдай) Мақсаттарымның ішінде тағам əзірлеу болмаса да, ойдан мəзір шығару тапсырма болып келді. Арнайы аспаз болмаған соң, қиын болды. Түрлі нəрсені ойлап қарадым, ондай мəзірлер көп кездеседі екен. Жақсы, көп сөйлемей өз ісіме көшейін.

Жасағаным қарапайым, дəмді салат.
Құрамы:

- Қияр

- Қызанақ

- Қаңылтырдағы жүгері

- Шаян таяқшалары

- Майонез

Жүгеріден басқаларын бір қатардан орналастырып, жүгеріні күн бейнесі сияқты орналастырамыз кейін ортасына майонезді қоямыз.

Бұл əдемі емес, тым қарапайым көрінетін салаттың астында үлкен мағына мен идеяларым жатыр, бірақ ол білінбейтін де секілді. Салаттың мағынасына келсек, бұл үш қатар Қазақстан жеріндегі түрлі ұлтты суреттейді, ал күн бейнесіндегі жүгері - өзімізге ортақ күніміз. Ал майонез - бұл призедент. Барлығын біріктіретін, салаттың дəмін кіргізетін - майонез, сондықтан да оны призедентіміз ретінде алдым. Ал салат атауын " Units " (қаз. "бірлік") деп алдым.

Міне, маған берілген тапсырма осылай аяқталды. Ас болсын!



Бөлісу: