꿈(арман)Оңтүстік Корея - Менің ойымша керемет ғажайып жер. Таза, мәдениеті жоғары дамыған. Ол жақ ауа райы жақсы қоңыржай, ол жердің әншілері әдемі, сүйкімді, әрі дауыстары да күшті. Бүкіл әлемге танымал. Ол жердің тұрғындары жайдары, жайсаң! Мен корей тілін үйренемін деген арманым болды. Ал сол арман(꿈)мені мақсатыма жетеледi! Күніне 10 сөз жаттау менің үйреншікті әдетіме айналды!
Жалпы, Корей әліпбиi 40 әріптен тұрады.
Корей тілінде 10 дауысты дыбыстан және 11 дифтонгтан (яғни бірнеше дауысты дыбыстан тұратын күрделі дыбыс) тұратын 40 әріп бар. 14 дауыссыз дыбыс пен 5 қосарлы дауссыз дыбысты қосқанда барлығы 40 әріп болады. Сонымен қатар корей тілі иероглифтерден тұратынын да ескере кеткеніміз жөн , сонымен бізге ханджа (한자) деп аталатын иероглифтерді жаттау керек болады.
Дауыстылар:
ㅏ- а
ㅑ- я
ㅓ- о ( «о» мен «а»ның арасында айтылады)
ㅕ- ё
ㅗ – о ( «о»мен «у»дың аралығында оқылады)
ㅛ – ё (йо,ерінді созыңқырап , ерінді бантик секілді етіп , барынша жабық айту керек)
ㅜ - у
ㅠ- ю
ㅡ - ы
Дифтонгтар:
ㅣ- и
ㅐ- э
ㅒ- е
ㅔ- э
ㅖ- е
ㅘ - ва
ㅙ - вэ
ㅚ-вэ
ㅝ- во
ㅞ- увэ
ㅟ- ви
ㅢ- ый
*Корей тілінде В әріпі жоқ болғандықтан дыбыстар уе және " вэ "дыбыстарының аралығында оқылады.
Дауыссыздар
ㄱ- киёк (г, к)
ㄴ- ниын (н)
Менымен бірге корей тілін үйренейік құрметті массагеттiктер!Және де барлық қатысушыларға файтинг (сәттілік)!