Қайырлы түн массагеттіктер!
Сайт админдері бастаған қорытындыны шығуын күтіп жүр едім, біраз блогерлер жазба жазып қорытынды қайда деп іздеп қалыпты. Өзім ұйымдастырған байқауға қорытынды жасайын. Массагет сайтында ақырғы ұйымдастырған байқауым болады. Қыздарға да, жігіттерге де арнап ұйымдастырған байқауымда белсенділік таныта қойған ешкім болмады. Ал белсенділік танытқандарға алғысым шексіз. Адам ойына бір іс алып ол жүзеге асып, өз ойындағыдай болса қатты қуанады ғой, осы жолғы байқауда мені қатты риза еткен Мейрамбек бауырым Алла разы болып, сүйгені мәңгі қасында болсын Мейрамбек пысырған тоқашты жейтін деп тілек айтқым келеді.
Ал енді байқау қорытындысы бойынша әділ қазалылардың бағасын сіздерге ұсынайын.
Көркем: Мейрамбекті тандаймын. Суреттерi айкын, далелiмен. О баста корген сатте бiрден унады. Оз басым Мейрамбекке дауыс беремiн
АКА:Накты бір мазір дайындап, дайындалу жолын корсете отырып, сапалы суреттер усынганы ушін Мейрамбектi женiмпаз деп есептеймін.Ли Мин Хо-га байкауга катысып, белсенділік танытып, адемі жазба усынганы ушін алгыс!
Сәния Аринова: Вобщем былай менің пікірім Мейрамбектің жасаған фри мен қуырылған жұмыртқа қалыпты жігіттің дайындайтын тағамы, тойымды көп уақыт кетпейді, шеберлік талап етілмейді. Ал тәтті тоқаштары бәрімізді таң қалдырды,жалпы қамыр илеп жаюды қыздардың барлығы да білмейді, ал жігіттің қолынан иленгені нан-нонсенс))) Оның өзін орап, соңынан дімді шығу үшін жұмыртқа жаққаны-аспаздық қасиеттің жоғары екенін көрсетеді. Өз даусымды осындай керемет тоқаш дайындаған Мейрамбекке беремін, Мейрамбекке сәлем айтып,қамырының мәзірін жазып жіберуін сұраймын. қолымнан келсе біздің аспаздыққа жариялаймын. Мейрамбек жарайсың!
Міне осылайша қазнеттің аспаз қыздары қорытындыларын жасады. Өздеріңіз байқағандай сөзсіз бас жүлде Мейрамбекте.Байқау жеңімпазына - 5000 (бес мың) бірлік.
Ал енді осы байқауға басқалар секілді бей жай қарамай жазба жазған Ле О Маға 200 (екі жүз) ынталандыру бірлігі сыйға тартылады.
Қорытындылай келе мына мақалды айтқым келіп отыр "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деген мақал есіме түсіп отыр. Байқауға қолдау көрсеткендерге де көрсетпегендерге де рахмет айтып жазбамды аяқтаймын