Байқасам, өзгеріппін...

Байқасам, өзгеріппін...
жеке
блог

   Қызық...бірнеше жыл бұрын осындай бір сайтқа тіркеліп, жазбалар қалдырып, пікір алмасып жүремін деген ой миыма кіріп-шықпапты да. Жалпы алғанда, өте қатты өзгеріппін. Адам танымастай болмаса да, мені жақсы білетіндер оңай аңғарады..."өз-өзімді жақсы білем бе сонда?" деп қалам осындайда. Мәселен, бұрын тым пысық едім, кейде пысықтығым шеттен шығатын (енді түйіп отырғаным ғой), қазір сәл бәсеңсігендеймін. Бала кезімде, мектеп қабырғасында да ойымдағыны жайып салып, қарап отыратынмын. Ол уақытта көпшіліктің пікірі, өзім жайлы жұрттың  көзқарасы мені аса қызықтырмайтын. Өзім үшін - өзімдікі ғана дұрыс болатын. Сол үшін ата-анамнан, мұғалімдерден жиі сөгіс еститінмін. Университеттегі психолог апай тренингтердің бірінде "қасыңдағылар сенің кесіріңнен "комплексовать" етеді дегені жаныма батты. Ондағым - "менікі дұрыс, менің айтқаныммен жүреміз" дегенді миларына құйып тастасам керек (әдейі емес деймін)...Ал қазір...Жердің мені ғана айналып жүрмегенін, өзімнің ешкімнен артық емес екенімді, басқалардың да сезімі, ойлары барын, оларды сыйлау керектігін, өз пікірімді басқаларға мойындатудан гөрі, олардың да сөз бостандығына құқығы барын мойындайтын болдым! Бұрын эмоцияға беріліп, ақ тер, көк тер болып өзімдікін дәлелдеуге тырастынмын, қазір бәрін бейбіт жолмен шешуді дұрыс санаймын. Бұған дейін не нәрсе туралы да алып үшып пікір айтуға асығатынмын, қазір бәрін ақылға салып, 7 рет өлшеп - бір рет кесетін болып жүрмін. Өзіме ұнамайтын жандар туралы да сөйлемеуге тырысамын (өзімнің ғажап емес екендігімді түсінем ғой), маған қызықсыз, ұнамсыз адам туралы ойлап, жазып әлек боп қайтем, одан да маңызды мәселелер шешімін таппай жүргенде?! Сосын "үндемей жеңетін" болып алыппын...ия, әжептәуір, тіпті керемет "приём" екен :) Өз ашуын, өшпенділігін, жек көруін өзіне қалдырасың дағы, түк қиналмай отырасың. Жақсыыы :)

   Бірақ, бір қасиетімді сақтап келем...ол үшін талай жерде мақтау естігім...ол - өзімше бір қайсарлығым! Ер жігіт айтпағанды - айтып, Ер Азамат істемегенді - істеп, ЕРКЕКТІЛІКТІ көрсеткім келеді. Партаны орнынан қозғауға, сыныптың еденін жуатын су әкелуге ерінетін ұлдарды талай көргенмін. Сол тренингте группадағы жігіттер "Альбина қатты ғой, оған тіке келе алмаймыз" дегенде бір жағынан қуанғанымды жасырмаймын :) Оның үстіне құрбыларымның бірі  "Сен басқаларға қарағанда еркексің ғой" деп жиі айтады :) Бұл ұлдарды басып тастауым  деп түсінбеңіздер, еркектің аты - еркек қой, жай өз пікірі өзінде емес, тарс еткізіп айтпайтын ер адамдарды онша жақтырмаушы едім :) 

   Өзгеруімнің басты себебі - білмеймін...жалпы алғанда өсу, дүниетанымның кеңеюі шығар...аяқ астынан таныстары шыға қалатын, қалталы көкелері бар достарымды  көріп "неге менде осындай жоқ?...неге менің де арманымдарым осылай бір сәтте орындала қоймайды?" деп ойлайтынмын. Сөйтіп, "мұншама жақсы емес мінездерді жинап алған мен ондай асқақ армандардың орындалуына  лайық емеспін" деген ой түйдім... әзірше...ия, әзірше лайық емеспін-ау...Бірақ міндетті түрде лайық болып, армандарымды жүзеге асыруға тырысатын боламын! "Әлемді өзгерткің келсе - өзіңнен баста" демей ме :)