Байқамай ғашық болдым!
блог
Шын айтам, байқамай ғашық болдым . Мен оны күнде көргім келеді. Көрмесем тұра алмаймын. Оны көру үшін бәріне дайынмын. Үйдегілермен ұрсысып теледидардың арнасын ауыстырам, сол үшін. Жұмыстан қашып, театрға барам. Менің "кек алу операциям" мені осындай сезімдерге бөледі. Массагет сияқты өзіне "тәуелді" етіп алды. "Онша емес" қойылым болса да, сол үшін баратын болдым. Ол-Азамат Сатыбалды. Сіз оның театрдағы бейнесін, рөлдерін көрсеңіз, сіз де ғашық болар едіңіз, мен оған сенімдімін. Азаматтың адами болмысы, ойнап жүрген көптеген басты рөлдері мен қосымша рөлдері, бәрі де нағыз талант иесін танытады. Талант болсаң, Азаматтай бол деп ойлап қоям. Бұл кәдімгі қыздің жігітке ғашықтығы емес, көрерменнің әртіске, әртістің шеберлігіне деген бағасы деп түсінулеріңізді өтінем. Ол шынымен де керемет актер. Мен бұрын Азамат Сатыбалдыны көп әртістің бірі, көп тележүргізушілердің бірі деп қана бағалайтынмын. Ал қазір мен оны нағыз талант иесі деп білем! Азаматтай азаматтарымыз аман жүрсін!