Әрине, тақырып күлкілі әрі ерсілеу. Тұрмысқа шыққым келеді деп жеткізсем де болушы еді. Бірақ... Әй, жарайды, басынан бастайын.
Құрбыммен әңгімелесіп келе жатып, жігіттер туралы әңгіме шығып кетті. Содан не керек, ол өз жігітінің ЖОО оқымағандығын, мінездері жайлы назын айта бастады. Бірден түсіндім. Жігіт оқымаған, жасы үлкен, ауылда тұрады. Қыз ЖОО-да оқиды, бірақ жігітінен 4-5 жас кіші. Базар жоқ, жас шамасынан арасында сыйластық болар. Бірақ, кейін екеуінің арасында ұрыс керіс болса, әйелі өмір бақи күйеуінің көзінен шұқып өтеді емес пе? Қалай дейсіз ғой?
Ауыл. ЖОО – да, тем более ол ақылы бөлімде оқып бітірген соң ауылға барсын делік. Қазіргі мамандығы-журналист! Ауылда бұл мамандыққа сай жұмыс табыла ма? Аймақтық газет-журналдар да табылуы мүмкін. Бірақ, айлығы өте төмен. Тым болмағанда, мекепке мұғалім болып кірді делік. Сонда қызды ата-анасы жылына 630 мың ақша төлеп, ауылға барып тұрсын деп оқытты ма?
Қала. Иә, қалада жұмыс істеймін дегенге бар жағдай жасалған дерсіз. Бірақ, жігіті оқымаған болғандықтан отбасының бар ауыртпашылығы қайтадан қызға түсейін деп отыр емес пе? Ертең шаңырағы шайқалатындай жағдайға түссе қыз «Бәрін мен тапқам! Сені мен асырап отырмын!» деп дүрсе қояры мүмкін ғой. Күйеуінің дәрежесі әйелден кіші болса, айналасындағыға тағы сөз, тағы сын.
Әрине, пысық жігіттер оқымай-ақ жақсы жұмысқа орналасып, пысықтығымен алып кетеді. Ал, жуастары ше?
Құрбым ертең отбасылы болғанда күйеуінің алдында басын иіп, әлеуметтік жағынан да, басқа жағынан да одан төмен болғысы келетіндігін айтып қалды. Өзінде әжептеуір мінез бар. Болашақта өзі сияқты жағдайы бар отбасыға келін болғысы келеді. «Тең-теңімен, тезек қабымен» деген бар ғой. Осы қағиданы ұстанған жөн сияқты.
P.S. Адам терімді үстіме қаптап, жер-жебіріме жеткізем деушілерге рұқсат