Баянды қашанға дейін жырлаймыз?!

Ұнамаса "Отписаться" ете сал, ол сіздерге "Кіріңіздерші" деп жалынып жатқан жоқ. Парақшасына кіріп, пікір жазатын адамдарды мүлдем түсінбеймін. Содан басқа бізде проблема жоқ па?! Жазуға келгенде алдына жан салмайтын инста оқырмандары неге елдің саяст істеріне араласпайды? Жоқ, біздер сол "Шоу өмірді" талқылаймыз. "Кім тұрмысқа шықты, кім қайда барады, кім не жеді?" т.б сұрақтарға жауабымыз дайын. Аузымыздың суы құрығанша айтуға дайынбыз. Абай атамыздың "Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын" деп бекер айтпаған. Еріккен адам басқа не істесін?! Неге ғылымға, техникаға, спортқа қызықпаймыз? Көпке топырақ шашпаймын. Баян Есентаеваны продюсер, актриса ретінде мойындаймын. Түсірген киноларын да бағалаймын. Жаздағы оқиға барлық Қазақстандықтарды елең еткізгені рас. Барлығымыз Бақытбек Есентаевты кінәлай бастадық. "Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды" демекші болған оқиғаға Баянның өзі кінәлі. Екінші рет тұрмысқа шыққанына қарсы емеспін. Әйтседе, өзінің отбасының шырқын бұзды, елдің алдында абыройы төгілді. Инстаграмдағы суреттерін көріп те жүрген шығарсыз. "Менен үлгі алмаңдар" дейді. Ел үлгі алады себебі, ол танымал тұлға, елдің алдында жүреді, барша қыздың кумиры. Одан үлгі алып, бой түзегісі келеді. Ал ақыл мен тәрбие Баян ханымның түрі мынау.
Құрметті осы болгты оқитын жандар әрбір ісін ерлік жасағандай етіп көрсетуді қоялық. Көзі ашық, көкірегі ояу адамдар үшін өсек - аяң айтатын уақыт емес! Кешегі Ахметтің, Әлиханның үміт ақтап жүрміз бе?! Міне талқылар тақырып, толғантар мәселе.



Бөлісу: