Баян Есентаева мен Берік Тұрсынбеков үлгілі отбасыларды іздеуден жалығар емес...

Баян Есентаева мен Берік Тұрсынбеков үлгілі отбасыларды іздеуден жалығар емес...
жеке
блог

     Кімнің кімге сенетінін, кімнің кімнен озатынын «Астана» арнасында  «Саған сенемін. Мой лучший» думаны ғана көрсете алады.  Баян Есентаева мен Берік Тұрсынбеков үлгілі отбасыларды іздеуден жалығар емес.

      Алдымыздағы аптада жас әнші Тұрар Рахимберлин және оның сүйіктісі Индира Калдыбекова жобаның қатысушылары ретінде бір-бірлеріне деген сезімдерін сыннан өткізді.

      Ал қазақ телевидениесінің дамуына үлкен үлестерін қосып жүрген Акчалов Ерлан мен Смағұлова Гүлнар тәжірибесі жоқ жас жұбайларды отбасылық өмірдің қыр-сырымен таныстырды... Өмірде де жұптары жазылмаған телевидение мамандары бағдарламаға қатысуға қуана-қуана келісім берді.      

     Сонымен қатар, танымал актриса Гүлшарат Жұбаева алғаш рет жары Жандос Жұмағұловты көпшілікпен таныстырды.

      Сайыстың шымылдығын ашқан тапсырма қорытындысы бойынша Гүлшарат пен Жандос жұбы бірден бірінші орынға көтерілді. Бірақ, алда әлі қиын 5 сайыс бар...

      Сайыс шаңғымен жүріп шар жару, әнжұмбақты табу, сеператорды құрастыру сияқты кезеңдермен жалғасты.

       Әсіресе, жас әнші Тұрар сүйіктісінің сенімінен шығу үшін, үлкен тәуекелге барды. Қандай тәуекел екенін эфирден тамашалаңыздар...

       Нағыз таңдаулы отбасылар қатысатын, нағыз ерлердің достығы дәлелденетін «Саған сенемін. Мой лучший» думанын жексенбі күні, сағат 19.00-де «Астана» телеарнасынан тамашалаңыздар.