«Алашұлы» тобының солисті, Мақсат Рахмет өмірлік серігін алғаш рет көпшілікке таныстырды. Естеріңізге сала кетейік: Мақсат жақында ғана шаңырақ көтерді. Талай қыздың арманына айналған сері жігіт, енді, Арай есімді арудың жан жарына айналды. Жас жұп «Астана» телеарнасында ойын-сауықтық «Саған сенемін. Мой лучший» думанында бір-біріне деген махаббатын дәлелдеді.
Ойынға Қазақстанның танымал жұлдызды жұптары қатысады. Жүргізуші Баян Есентаевамен бірге төрт ару сайысқа кімнің ері қатыса алатындығын анықтайды. Сайыстар көңілді әрі күрделі. Дұрыс ұтыс тігу үшін аруларға жақсылап ойлану қажет. Ерлер шешімді өзгерте алмайды. Өйткені, олар бөлек бөлмеде отырады. Отбасы - бір-бірін сүю ғана емес, жан дүниесін түсіну. Сондықтан, ерлер өз жарларының ақылына, ішкі түйсігіне сүйенеді.
«X factor» бағдарламасының жүргізушісі Арнұр Ыстыбаевтың құрбысы қай сұлу? Танымал музыкант Еркін Құдайбергенов неге ойын шартын бұзды?
1 сайыс бойынша жұмыртқа көп аршылды. Бірақ бәрі бірдей ұқыпты аршылмады. Мыжылған, жалбыраған, бөлінген жұмыртқалар есепке алынбаса да, нәтиже жаман емес. Алғашқы сайыс 13 ұпай жинаған Еркін-Ақбота жұбын бірден бірінші орынға шығарды. Бірақ, басқа қиындықтарға қалай төзуге болады?
Қыздардың қырық жаны, миллион ұсақ-түйектері бар. Оларды толық танып-білмеу ер жігітке сын емес. Осы тақырып бойынша, Баян ханым Арнұр Ыстыбаевтан сынақ алды.
«Саған сенемін. Мой лучший».
Жүргізуші. Домбырашы. Жаттықтырушы. Әнші.
Түрлі маман иелерін талай сыннан бірге өткіземіз. Олар өздерін басқа қырларынан көрсетіп, көрермен мен жан жарларының қошеметіне бөленбек.
Осы аптада! Жексенбі сағат 19.00-де "Астана" арнасынан тамашалаңыздар.