Өлгийдің әрбір үйінде Қазақ елінен келген қонағы бар. Жаз келсе екі елдің шекарасынан қайшыласқан қандастарды көресіз. Бірі торқалы тойға келсе, бірі топырақты өлімге келе жатқан ағайындар. Құдайға тәубә, бұл өлкенің жазы тоймен өтеді. Біз той десе Шымкентті айтып шыға келемізғой. Ал, мұндағы той-өзгеше той. Дәстүрлі той. Тойы тау бауарайында ұлттық дәстүрде өтеді. Ерейментаудың етегінде өткен Сағынайдың асы тәрізді дүбірлі мереке мұнда күнара өтеді. Той мен емес, ас беріп жарысады. Ұлттық келбетін айшықтап, төл өнерін жаңғыртады.
Жайлау- болмысы бөлек, шынайы орта. Пейілі кең, жүзі жылы, салқын далада киіз үйде пеш басында жылынып отырып, балқаймақпен шай ішуде ғанибет. Көненің көзі, салиқалы әңгімесі, елжіреген мейірімдері бәрі ерекше. Кешегі өзім аттанған ортаның дәстүрі, өрнегі сол қалпы. Биесін байлап, сары қымызды сапырып отырған сахараның көрінісі қазақ дәстүрлерін сақтап отырған соңғы самурайлар тәрізді. Әлемдегі тарыдай шашылған қазақтардың ішіндегі ең ұлттық болмысын, қазақы келбетін сақтаған өлкеге бүгінде қазақтар өзіміз де, өзге мемлекеттер де қызыға, тамсана қарайды.
Өрісі көктеп, өресі кеңейген өлке- Моңғолия астанасынан кейінгі ірі экномикалық, дамыған аймаққа айналған. Мемлекеттің көмегінсіз-ақ, өз өлкелерін көркейткен өңіден не бір министрлер, қалталы кәсіпкерлер, спортшылар, мықты саясаткерлер шығып жатыр. Ел ішіндегі өзге ұлт өкілдері болса да елдіктің, татулықтың туын бірге ұстап, бір ел болып көшпелі өмірдің салтын бірге дәріптеуде.
Бай-Өлке- Ресей және Қытай елімен ғана шекараласады. Сондықтан өңір кәсіпкерлері осы екі елмен ғана сауда экспорттайды. Қазақтың небір мықты қолөнер брендтері әзірге осы екі елден соң ғана бізге жетеді.
Ресейдің Моңғолиямен шекаралас Ташанта шекаралық бекеті Орта Азиядағы ең қатал бекеттің бірі. Қазақ елі мен Бай-Өлке тұрғындары осы бекет арқылы өтеді.
Сондығынан ба әйтеуір осы кісілерге келгенде орыстар қатаң жұмыс істеп қалады екен.
Мемлекетаралық достық қарым қатынас жайлы сөз қозғалғанда өзің таң қаласыңғой. Құдды құдалар сияқты сыйластықта дейді-мыс.
Достықта шекара жоқғой. Деседе, екі ара ағайындардың достығы талқыланғанда ортасындағы орыстарменде келісу керек тәрізді Әйпесе, шекарадан өткен қазақтардың бір түйір дәндеріне қол салғанды көрдік.
Біз орыстың Ладасын мініп, отандық көлік деп мақтанып жүргенде ол жақтағы ағайындар Лэнд Круизермен ойнап жүр.
Қазақы өлкенің саяси құрылымдары, басшылары қазақ болғанмен негізгі күштік құрылымдары моңғолдардың қолына ауысқан.
Әрине, бұл да ойлантатын мәселе. "Үй артында кісі бар" дейтін әр қазақ татулық пен бірлікті қатаң ұстануы керек. Суын ішіп отырған елдің тіліне, дініне, мәдениетіне, адамдарына құрметпен қарауы керекғой. Ол жақтағы әлеуметтік желілерде әлсін-әлсін қазақ-моңғолдардың араздықтарын байқап қаламыз. Бір қазақтың артық сөзі бір ұлттың маңдайына күйе жағуы мүмкін.
Дәстүріміз, салтымыз қандай таза болса, санамызда солай болуы тиіс.
Кеңқолтық, киіз туырлықты көшпелі халық әрдайым тату болуы тиіс!
Басқада қызықты фото, бейнематериалдар әрдайым төмендегі сілтемелерде:
https://web.facebook.com/nurik.khanagat
https://www.youtube.com/channel/UChc-VIcG8qkULDKB-P_Zubw?view_as=subscriber
https://www.instagram.com/bai_olke/
Суреттер төменде...