Бай әрі бақыттымын

Бай әрі бақыттымын
жеке
блог

...өзіңізді менің орныма қойып көріңізші,қандай бақыттысыз иә?! «Кедей екенмін» деп көзімді тарс жұмып, «Массагет»  деген алып досымның бар екенін қаперімнен шығарыппын.Әдейі емес,бірақ...

         Осыдан біраз уақыт бұрын  өмірімнің астан кестені шығып,тауым шағылып,стрессте жүрген едім.Кімнің кім екенін ,досым кім,досым емес нағыз жанашырым кім бәрін-бәрін білдім.Жаныма  жұбаныш,жүрегіме жылу іздеген күйде қара түнекке тұңғиыққа батып,балалық өмірімнің біраз жолағын қара сиямен амалсыздан бояп шықтым.О,Тәңірім...ол сәтті есіме алып,көңілімді түсіргім келмейді. «Әр істе бір қайыр бар»  дейді ғой.Массагетте мұңымды шағып,сырымды айтып келе жатқаныма да көп болмады.Байқасам,аз уақыттың ішінде саған бауыр басып қалыппын,Массагет!Жазбамда жалғыздықтың самалы ессе «біз сенімен біргеміз» деген сөзга қанағаттанбай,  «Кедей екенмін» деп күйбелең тірлікте сіздерді де күйдірген едім.Бұл жолғы жауап мүлдем басқа болды.Тек виртуалды әлемде  жазба арқылы сырласып,пікір алмасып жүргенімен реалда мұндай тосын сый болады деп үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. «Кедеймін» деп күйіп жүрсем,керісінше бай әрі бақытты екенмін ғой,Аллаға шүкір!Соны сездірген Массагеттік достар, рақмет сіздерге!Шын жүректен жасаған еңбектеріңіз көрініп тұр.

         Ол жазбаның жазылғаны қашан еді,сөз соңында Жансая: «Енді Есіл еркесінен  «Бай екенмін» деген жазба күтеміз» деп қолқа салған болатын.Сабақ пен үйдің ортасында жүріп, әне жазам,міне жазам деп жүргенде араға біраз уақыт жіберіп алыппын.Айыпқа бұйырмағайсыздар,ендеше бастайын...

         Құрметті де қадірлі,ардақты да аяулы менің СҮЙІКТІ ДОСЫМ-МАССАГЕТ!Адам өмірінде бір-ақ рет сатылуы керек болса,мен саған сатылдым!Себебі,сен маған нағыз жанашыр,шын пейілді достар тауып бердің!Жансаям бастап,Жанарым қостап,сайт админдері  мен қымбатты қолданушылардың қоштаған жұмысы,маған арнаған видеоларыңыз үшін көптен көп рақмет.Көріп отырып нендей жағдайға түскенімді білмейсіздер ғой,көзіме қуаныштан жас үйірілді. «Шынымен бақыттымын» деп әлемге жар салғым келді.Мүлдем күтпеген едім,алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын.Қазіргі  қуанышымды бір блогпен шектеуге әсте болмас.Жүре берсең көре береді екенсің.

Ассар ағай,Laughingалғашқы болып тілек білдіріп,қарындасыңызға демеу болғаныңыз үшін ерекше алғысымды білдіргім келіп отыр.Ләйім айтқаныңыз келгей!

Нұрғазы Қақпанов,сіз «...өзімнің асыға күтетін блогерлерім бар.Соның бірі-Есіл еркесі.Біз сізбен біргеміз» деген кезде жүрегім езіліп кетті ғооой.Осы тұста жанарыма тамшылап жас келе бастады.

Абылай аға мен Ұлан аға,сіздерге мына блог арқылы алғыс айтудың өзі аздық ететін шығар.Себебі,алғаш болып «Есіл еркесіне» деп Массагетке,одан вк-ға видеоны салып төбемді көкке жеткіздіңіздер  ғой.Сол сәтте Ұлан ағамыздың тіркеліп,жазба жазғанына көп уақыт болмаған еді.Өзім бірінші осы кісінің блогына пікір қалдырған соң ба,сіз мен үшін еркеше ыстықсыз!Wink

Өмірде естіген ең әсем тілектерімен анамның амандығын тілеп,өмірге деген құштарлығымды үдете түскен Мақпал Төребекқызына білдірер ықыласым,айтар алғысым шексіз!

«Қалай ұнап жатыр ма,достар!»

«Әрі қарай админдер жалғасытырсын» дегенде ,шыны керек, ШОК болдым ғой...  «Есіл сені еркелетіп жүрген сыңайлы,сені де еркелететін адамды Массагеттен табасың деген үміттеміз» деп үлкен үміт артқан Анарка әпке,шынымен,мен осы ортадан жақсы адамдарды таптым.Ал,Сәния әпке: «Сәлем,Әйгерім!» деген кезде құдды жанымда отырғандай болды ғой.Шынымен,айтатындай бар екен.Сізді көрген адамның жүзіне еріксіз күлкі үйірілетіні сіздің табиғатыңыздан екен. «Ешқашан көңіліңе қаяу түспесін» деп ақ періште жүрегімен ақ тілегін арнаған Әйгерім әпкемнің «живой» түрін көрсем ғой дейтінмін...көрдім.  «Көңіл күйі жоқ болса,жазбасында «кедеймін» десе біз кінәлі емеспіз ғой,ол қызды танымаймыз да.Ондай оқиға бәрімізде болады,ниче» демей,бір қыздың,бір көңілдің,бір өмірдің бағытын өзгерттіңіздер!Шын көңілден айтқан тілектеріңізге көөөөөөөөөөөөп рақмет!Smile

         «Ай,осы Есіл  еркесі еркелеп жатыр-ау» деп Құралай әпкем де маған біраз жол сілтеп,жөн айтыпты,сөз соңында еш қаймықпай,әрдайым көңілді жүруімді айтыпты.Құп, әпке,енді әрқашан көңілді жүремін!Wink

         «Массагет деген алып досыңның бар екенін ұмытыпсың» деген кезде қып қызыл болып ұялып кеттім...Шынымен,Embarassedсол блогты жазып оытрғанымда неге Массагетті тек күнделігім екен еп санадым,Массагетті ең ең жақын досым екенін есімнен шығарыппын ғой.Келесі ретті,бұйырса,сіз айтқандай көңілді,позитивке толы жазбалармен қуантамын!Басқасы басқа ғой, дәл сіздің осылай сайт қолданушысына деген жанашырлық білдіреді деп ойламаппын.Астанаға келгеніңізе қарапайымдылығыңызға тәнті болған едім,бұл жолы да сөзімнен қателеспедім.Рақмет сізге,Ұшқын әпке,көп рақмет!

         Оооо,Гульфайруз әпке...Осы кісіні тілге тиек етсем өзімнің туған әпкем есіме түседі.Сіз маған өте жақын адамсыз.Себебі әпкем де «жүрек қалауын жаса..» дейтін.Өмірден ешқашан жасымай,мойымай өзінік белесімді бағындыруға тағы бір қадам жасауыма септігіңізді тигізіп,сәуле шашқаныңыз үшін мың алғыс!Бақытты болыңыз,әпке!

         Келесі кісіден мұндайды мүлем мүлдем күтпедім.Өзімнің жерлесім боғанымен, мен үшін «массгеттік АҢЫЗ АДАМ»  саналатын Жандар ағаның шын көңілден айтқан тілегі  жүрегімді езіп,ерекше сезімге бөледі.Рақмет аға,алғысым шексіз!

         Рас... «Өмір барда,үміт те бар емес пе?!» «Қырық жанды қазақ қызына»  үмітін сөндірмей ,көңілін жаздай етіп,алдағы бағынар белестің бар екендігін ескерткен Ғазиза әпке,сізге көөп рақмет!

         Ал,Жансая өзің жүргізуші болып, алыста жүрген құрбың үшін алаңдап,көңілін көтеріп,менің жалғыз емес екенігімді тағы да дәлелдеп, бойыма ерекше күш-жігер бергендігің үшін саған басымды иіп,екі қолымы жүрек тұсыма қойып,микрафон алдына жақындап,бар дауыспен,шын жүректен «рақмееееееет» деймін.Алла разы болсын,ботам!Kiss

         Жанарым менің,айтқан сөздерімнің астарын түсініп,әр сөйлескен сайын мені басқа қырымнан танып,кең пейілді,таза жүректілігімен,шынайы жанашырлығыңмен,қарапайымдылығыңмен нығыз дос ретінде сен маған қымбатсың,керексің,ерексің,ыстықсың!Kiss

         Осыдан біраз уақыт бұрын «Сырлы сұхбат алаңына» қонақ етіп, «Арманыммен» қол ұстатып,әрдайым  тілеуімді тілеп, мені «әпке» деуші болма деп ұрысып алатын Сырдың қызы,сіз мен үшін мына өмірде орны бөлек адамсыз!Рақмеетсізге,Салта әпке!Laughing

 

         Мынауым ұзақ жазба болып кетті,айыпқа бұйырмағайсыздар достар!Рақмет сіздерге,мына аты атлғандар ғана емес,бар массагеттік тұрғын менің досым.Мен енді ешқашан сіздерді ренжітпеймін!Бәріңізді жақысыы көремін!Әр жазба жазған сайын,сайтты ашып оқыған сайын «Массагетке» деген махаббатым ұлғайып бара жатқан тәрізді. Иншалла,мәңгілік болғай!Мен бақыттым,баймын достар!Сізерге де дәл осындай сарқылмайтын  байлық пен таусылмас бақытты,яғни шынайы  достық асыл сезімді тілеймін!Бәріміз бақытты болуға лайықпыз!Рақмет саған,Массагет!LaughingKissWink