Бауырмалдық көрсетсе

Бауырмалдық көрсетсе
жеке
блог

     Қазақ қаншама қиын заманды басынан өткерсе де , ешқашан жетімін жылатпаған, тентіретіп жібермеген. Ал қазіргі таңда бейбіт, тәуелсіз, экономикасы мен мәдениеті дамыған Қазақстан неліктен жетімін жәудіретіп, мұхиттың арғы жағына жіберіп жатыр?

        Қазақстанда ТМД елдерімен салыстырғанда бала асырап алуда біршама жеңілдік бар көрінеді. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, біздің жәудіркөздердің басым көпшілігі АҚШ-та өмір сүреді екен. Мәселен, 1999-2001жылдары жылына осы елге 1800-ге жуық жетім бала асырауға берілсе, қазіргі күні бұл көрсеткіш екі есе артқан.

       Бүгінгі таңда жалпы саны алпыс мыңнан астам балақай мұхит асып кеткен. Бір Американың өзіндегі қазақстандық балалардың саны қазақтың екі-үш ауылын құрайтын деңгейге жеткен. Меніңше, жетімнің арғы жағында көкек ана, төсек қатынасына ерте баратын қыз және жауапсыз жігітсымақтар тұр. Бойжеткендер олардың бір ауыз сөзіне алданып, бір сәттік ләззатқа беріліп, ертеңгі күні опық жейтінін еске алмай шалыс қадамға барады. Содан әкесіз бала дүниеге келеді. Бүгінгі таңда жетімдер үйін патронаттық үлгідегі отбасылық үйлерге ауыстыру туралы сөз қозғалып жүр. Иә, елімізде бай-бағландар баршылық. Балалар үйіндегі қаракөздерімізді шетел асырып жібергенше, әлгір бір қалталылар бір баладан болсын асырап алып, жомарт, бауырмал мінезін көрсетсе ғой дейсің. Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әпкеміздің тілімен айтсақ, «жетімдер үйіндегі балаларымыздың байлардың ауласындағы ит құрлы құны болмады».

       Кейбір жеңілтек замандастарымыздың кесірінен қатары азаймай тұрған тастанды һәм жетімдердің жайы мені де алаңдатады.