Бауырлар туралы

Бауырлар туралы
жеке
блог

Архат пен Қанағат есімді айырылмас достар болыпты. Бірі – бай, бірі – кедей. Күндердің бір күнінде Архат жарымен мейрамханаға аттанады. Сол жерде сұлу жарына біреулер тиісіп, ақырында жаман ниеттілерді пышақпен жаралайды. Шарасы қалмаған ол кедей досы Қанағатқа хабарласып, келуін өтінеді. Досы да еш ойланбастан ұшып келеді. Істің анық-қанығын анықтауға сақшылар келгенде, кедей досы барлығын мойнына алады. Сот үкімі 20 жыл.

Қапастағы өмірден әбден жалығып, бостандыққа қашып шығады. Бірде-бір рет халін сұрап келмеген бай досына барғанында, алды-артына қаратпай, үйге кіргізбестен қуып жібереді. Жан досының бұл қылығына түсінбей Қанағат аң-таң болады. Ол болса: «Жаратқан ием барлығын көріп тұр, ол әділ төре» деп қайталай берді... Кеудегі мұң ұялатқан көшенің орындығында отыр еді, жасы үлкен мырза бір қап ақшаны табыстады да кете барды. Осы ақшаға жаңа құжаттар, үй, су жаңа көлік алды. Шуақты күндердің бірінде сұлу бойжеткенмен жолығып, екеуі зәуләм сараймен тең үйде бірге тұрды. Жақсылық жақсылыққа ұласып, қартаң әйел тегін үй күтушісі болайын деп өтініш білдірді. Келісті. Сұлу бойжеткенмен шаңырақ көтеріп, ұлан-асыр тойларын жасады. Сол тойға келген Архат микрофонды алып: «Бауырым екеуіміздің қалай дос болғанымыз, адам өлтіргенімде мені құтқарғандығың есіңде ме? Сен түрмеден қашып келіп, мен сені қуып жібергенім ше? Олай болса, біле жүр сол күні үйімде сені іздеп келген бір топ сақшылар бар еді. Саған ақша табыстағын –әкем, сенің үй күтушің – анам, ал жаныңдағы болашақ жарың-менің қарындасым. Олар менің – Өмірім. Бауырым, мен саған дәл өзіңдей өмірімді сыйладым...