Бауыржан Есебаев "Меломен" тобының продюсерімен сұхбат.
блог
- Қайырлы күн! Алдымен, жаңа бастамаларыңызбен құттықтаймыз! Жалпы, топпен жұмыс қашан басталды?
- «Меломен» тобы ащы сынға ілікпеген, халық мойындаған топ десек болады. Себебі, жігіттер ақырын жүріп, анық басу керек екендігін біледі. Осы күнге дейін топқа продюссерлік жасаған - Жанна Әбуова деген қарындасымыз белгілі бір себептермен, жұмысын тоқтатқаннан кейін, ақылдасып, бірге іс атқаруды қолға алдық. Еңбектің жемісін алдағы уақыттарда көріне жатыр. Ал, бүгінде «Сүйгенім бол» деген әнді дүниеге әкелдік. Нәтиже жаман емес. Елдің көңілінен шығып, халық жылы шырай танытып жатыр. Наурыз айының 7-жұлдызында, «Наурыздың 7 дәмі, «Меломенің» әні» деп аталатын, 7 әнді жарыққа шығардық. Тыңдармандар жылы қабылдады. Халық үшін жұмыс істеп жатқаннан кейін, елдің көңілінен шыққанына рақмет айтамыз. Алқашты жұмыстарымыз оң нәтижесін беріп жатыр, өте қуаныштымыз.
- Топқа материалдық көмектің керек екендігі, әсте, белгілі. Сондықтан, продюссер қажет пе?
- Жалпы, прдюссер деген менеджер мамандығымен қос ұғым секілді. Яғни, қаржылай ғана емес, ұйымдастырушылық қасиеті де болуы шарт. Тіпті, менеджер тек шоу бизнеске ғана емес, кез келген ірі компаниялардың бәріне таптырмайтын, қажет мамандық. Бір бірін толықтырып жүретіндіктен, барлық ортаға бұл мамандық иесі керек. Оған кәсіби білім ғана емес, табиғи қасиеттің болғаны абзал. Мысалы, мен де ұйымдастырушылық дарын басым болға, топ жігіттерінде әншілік өнері сарындап тұр, деген секілді ғой. Сондықтан, әлбетте, продюссер керек.
- Продюссер ретінде топқа қандай талаптар қойып жатырсыз? Орталарыңызда контракт бар ма?
- Ең басты, жігіттерге қойған талабын рухани жағынан дамыту. Яғни, тұлға ретінде қай қырынан болмасын өзін өсіру. Міне, осы бағытта жігіттерге тапсырмалар беріп жүрем. Нақтырақ айтсам, «Кітап – алтын қазына» дегендей, әлемдік деңгейде бағаланып жүрген тұлғалардың шығармаларын оқуды тапсырам. Мысалы, Жігерге «Думаю и богатею» деген еңбекті оқып, керегін алып жүрген жігіт. Талғат Сайтмұрат Талғатов деген бизнес-тренерінің шығармашылығын жетік меңгеріп жүр. Міне, осы сияқты қталаптар қоямын. Әсіресе, бас қосқан кездерде :«кімді оқыдың, не оқыдың?»-деп, сұрап отырамын. Осы үрдіспен тек «Меломен» тобы ғанан емес, бүкіл қазақ баласы жұмыс істеуі керек. Арамызда контракт жоқ. Әзірге, жоғарыда аталған бір ғана талап. Оның өзі көптеген контракттың орнын басады.
- Аталмыш топтың халық арасында қалыптасқан қалған өзіндік стильдері бар. Сізбен жұмыс басталғаннан кейін стильдері өзгереді ме?
- Маған келгеннен кейін стильдері өзгереді. Әрине, ән айту жағынан. Кезінде жігіттер батыс сарынды туындыларды жарыққа шығарып жүрсе, енді халыққа, қазаққа жақын әндерді шырқайтын болады. Неге десеңіз, жігіттердің елін сүйеітін, халықтың отын тұтатып, күлін шығаратын азаматтары болғанын қалаймын. Тағы бір міндетіміз, «музыкада шебер жоқ» дейтін үлкен қағида бар ғой. Сол сияқты, егер де жанымызға сайланып жатса әлемдік деңгейдегі әндерге де шектек қоймаймыз.
- Топ жігіттеріне стильдерді бірден өзгерту қиындық әкелмейді ме?
- Жалпы, адам баласының бұрыннан қалыптасып қалған әдеті оның мінезі секілді болып кететіні белгілі ғой. Сондықтан, оны бірден сындыру да қиын. Дегенмен, психологияның атасы Зигмунд Фрейдтің: «адамның мінезі, оның жасап жүрген тірліктері өзгермейді, олардың қызығушылықтары ауысады»,-дейді ғой, сол себептен, халықтың көңілінен шығып, қолдауына ие болып жататын әндер жазып берсем, неге өзгермеске?! Жақсы бағытқа қарай бастағаннан кейін, әрине сынады.
- Жігіттер, тек топ құрамында ғана емес, жеке өнерпаз ретінде де көзайымға айналған. Ал, сізбен жұмыс істеген уақыттарда жеке ән айту болады ма?
- Өте керемет сұрақ! Жалпы, топ болғаннан кейін, олардың бір-бірінің кемшілігін толықтыратындары да бар, немесе, тіпті керісіншілері де бар. «Меломен» тобының жігіттері бір-бірін тауып қосылған әншілер. Олар біріксе ғана, нақты өнерлерін халыққа паш ете алады. Сондықтан, жеке ән айтудың еш керегі жоқ деп ойлаймын.
- Қазіргі таңда, жұлдыздардың жеке өмірлері, яки шығармашылық жолдары жайлы фильмдер жарық көріп жатыр. Болашақта «Меломен» тобы жігіттерін кино индустрисынан көре аламыз ба?
- Ондай ой бар. Осы жазда фильм түсіруді жолға қойып, қолға алмақшымыз. Ернар Айдар бауырмызбен бірігіп түсіріру туралы ақылдастық. Сондықтан, тың туынды күтіңіздер!
- Жеке шығармашылық кештері қашан берілмек?
бар. Бүгінге керемет әндер жазып жатырмыз. Алла қаласа, күздің алғашқы айының соңына қарай топтың хит әндерін топтастырып, алғашқы кештерін беруді жоспарлап отырмыз.
- Қазақстандағы қай продюссердің еңбегін жоғары бағалайсыз?
- Қазіргі таңда, қай әншіні халық қолдап жатыр, сол әншінің продюссері мықты деген сөз. Мысалы, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира әпке талайды тамсандырған продюссер. Ернар Айдар да жас болса да ел ықыласына бөленіп жүр. Оның продюссері Талғат Айдар айтпай кетуге болмайды. Халық сүйетін Төреғалидің продюссері Төреәли ағамыздың, Қыдырәли ағалармыздың еңбектерін жетік бағлаймын.
- Сізге сазгер ретінде сұрақ қояйын. Әнші жұлдыз ететін не?
- Әншіні жұлдыз ететін – адамгершілігі. Себебі, әннің оронжиревкасын жазатын, әннің сөзін шығаратын тұлғалалармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін әші де, прдюссерде жайдары жн болуы тиіс. Ең бастысы сол – адамгершілігі, кейін 2 пайыз таланты болса, жетіп жатыр.
- Гострольдік сапарды қай қаладан бастамақсыздар?
- Сапарымызды оңтүстік өңірден бастамақпыз. Алматы өңірін, Қыззылорд, Шымкент, Тараз қалаларын және аудандарын аралап шықтық. Енді, Ақтау мен Атырау деп отырмыз.
- Сұхбаттасқаныңыз үшін рахмет!