Бәукеңнің мұражайына кірдім. Алдымнан директоры шыққан. Сұхбат алайын ба деген жаман ой келді. Ел Шерхан деп шуылдап жүргенде есі кеткендей болмайын деп сабыр сақтадым. Қолымдағы "Nikon" фотоаппаратын көрді де, ішін суретке түсіруге болмайды деді. "Жақсы, жарайды" дедім. Ой басқада. :) Қайтсем де, түсіремін дедім іштей бекіп. Ойды қарамайсың ба :) Пиғалым асып, түсіріп те алдым. Алды-артыма қарап қоямын, алда-жалда жетіп келіп, фотомды алып қойса қайтем деп қоям :) Қайтсе де, пронесло! :)
Сондағы ұрлығым - суреттер. Ал міне, менің ұрлығым :)
Фоторепортажды қабыл алыңыз...
Сауқымбеков "Бауыржанның портреті" 2000 жыл, майлы бояу, кенеп, 80-100