БАУ-БАҚША ЕГУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
блог
Көктемде,күн қыза бастағанда және терезе алдындағы көшеттер жасыл түске бояна түскенде бірден бау-бақша егуді бастағың келеді. Есік алдында жайқалып жидектер,көкеністер мен жемістер өсіп тұрғаны кімге болсын ұнайды емес пе?! Жаз айы мен Табиғат ана берген бұл мүмкіндікті қаншалықты дұрыс қолданамыз? Осы тұста мақаламызды бау-бақша егуге арналған кеңестер мен лайфхактарға арнаймыз.
1. Барлық өсімдіктер пайдалы биобактериялар өсірілетін жылы суды жақсы көреді. Жаңбыр суын жинау үшін арнайы бөшке орнатыңыз және егінді суару кезінде қолданыңыз.
2. Үнемі көшеттердің маңындағы арапшөптерді жұлып тастап отырыңыз.
Жұмыртқа қабығы-кальцийдің табиғи көзі.
3. Жұмыртқа қабығында сіз көшет өсіре аласыз. Мысалы, қияр немесе бұршақ көшеттерін отырғызыңыз. Жасыл бас пайда болғаннан кейін, қабықпен бірге жерге отырғызыңыз.
4. Майдалап туралған цитрус қабығы масалардан арылуға көмектеседі.
Жеміс-жидекті жинап алған соң оларды сақтауға қатысты да бірнеше кеңесімізге құлақ асыңыз.
1. Көптеген бағбандар сәбізді қораптарға салып, әр қабатқа сәл дымқыл құм салып, үстін де құммен жабады. Сақтаудың ең жақсы температурасы-2-4 градус.
2. Қызылша дәстүрлі түрде жертөлелерде сақталады, көбісі оны картоптың үстіне қояды – олар жақсы "дос". Температура да 2-4 градус.
3. Асқабақ сөрелерде жақсы сақталады, бірақ оның сабағын шамамен 7 см қалдыру керек, қоймадағы температура 6 — дан 12 °C-қа дейін.
Кеңестеріміз іске жарайды деп сенеміз. Бау-бақшаңыз жемісті болсын. Сәттілік!