Батыс Еуропаның детективті әдебиетіне шолу (байқау)
блог
Ең алдымен детектив дегеннің не екеніне тоқталып өтер болсақ, ол бір- шытырман әлем. Сіз әдебиеттің мұндай түрін оқып көрген бе едіңіз? Кітап сүйер қауымды кез-келген кітаптың өзіне баурап аларын білемін. Алайда, детективті әлемнің басқалардан бір ерекшелігі бар. Кез-келген детективті шығарманы бастар болсаңыз оның мүлде басқа әлем екенін түсінесіз әрі бір шытырман әлемге тап болғандай сезінесіз. Расы керек, мен бала кезімен шытырман оқиғаларға толы ертегілерді оқығанды ұнататынмын. Атап айтар болсам, "Алиса ғажайыптар елінде", "Буратиноның оқиғалары", " Қарт Хоттабыч" т.б. Бұл ертегілердің желісі бойынша қаншама мультфильмдер түсірілген.
Мен осы жазда оқуғды мақсат еткен шығармалар Агата Кристидің "Он қарадомалақ" романы мен Артур Конан Дойлдың "Шерлок Холмстың басынан кешкендері" атты шығармалары болатын. Жақында ғана анамнан "Он қарадомалақ" романының желісі бойынша түсірілген кино бар екенін білдім әрі бұл шығарманы оқып болған соң міндетті түрде киносын көруге бекіндім. Ал енді аты әлемге танымал Шерлок Холмсты бәріміз білеміз. Мен өткен жылы ғана "Шерлок Холмс" шығармалар топтамасының біршама әңгімелерін оқыған болатынмын. Сол уақыттан бастап
Осы аптадан бастап сіздермен осы шығармалардан алған әсерлеріммен бөлісіп отыратын боламын. "Томирис" алға!Шерлок Холмс менің сүйікті кейіпкерлерімнің біріне айналған болатын. Өздеріңіз білетіндей бұл шығарма қаншама кинолар мен мультфильмдердің сюжетіне арқау болған.
P.S. Ал сіз детективті әдебиетті ұнатасыз ба?