Батырхансыз өткен екі жыл. Екі көп уақыт емес, бірақ, көзі тірі болса, осы екі жылда талай әндерін жарыққа шығарып, өз тыңдармандарын қуантар еді. Ол талай армандарын, талай мақсаттарын өзімен бірге алып кетті.
Таяуда ғана «Батырхан Шүкенов» атындағы қоғамдық қоры әншінің жарыққа шықпаған әнінің тұсауын кесті. Қоғамдық қор екі жылда бірталай жұмыстарды атқарды. Әншінің фотосуреттерін жинап, көрме ұйымдастырды. Тірісінде жарыққа шығып үлгермеген әндерін көпшілікке таныстырып келеді.
Биыл әншінің 55 жылдық мерейтойына орай, Алматыдағы Республика Сарайында үлкен концерт өтеді. Батырхан Шүкеновты еске алу кешінде Валерий Меладзе, Далер Назаров, Севара Назарахани, Антон Давидянц тобы, «Mezzo» тобы, Жанар Дугалова және т.б. өнер көрсетеді.
Концерт билеттерін қаламыздағы кассалардан сатып алуға болады. Сатылымнан түскен қаржы әншінің жеке күйтабағының шығарылымына бағытталады.
Батырханды сағынсаңыз, ол салған әнді естігіңіз келсе, міндетті түрде, концертке келіңіздер!