Батырхан Шүкенов атындағы алғашқы музыка байқауының жеңімпаздары анықталды

Батырхан Шүкенов атындағы алғашқы музыка байқауының жеңімпаздары анықталды
жеке
блог

26-30 қараша айында Алматыда елімізде тұңғыш рет Батырхан Шүкенов атындағы үрмелі ағаш аспаптарында орындаушылардың байқауы өтті. Өнер байқауына 5 аталым бойынша флейта, гобой, кларнет, фагот және саксофон-альт аспаптарында ойнайтын 16 жастан 32 жасқа дейінгі еліміздің түкпір түкпірінен 43 орындаушы қатысты. 5 күн аралығында өткен музыка байқауының жеңімпаздарының есімдері гала-концертте анықталды.

 «Флейта» аталымы

II жүлде  - Елибаева Хадиша (Астана)

III жүлде - Солтыханова Роза (Астана)

  «Гобой» аталымы

I жүлде - Жайлаубаев Алмат (Астана)

II жүлде - Алиев Ислам (Астана)

III жүлде - Абдрахманова Лилия (Астана)

 Номинация «Кларнет»

II жүлде - Дауткан Тлек (Астана)

  «Фагот» аталымы

 

I жүлде - Аширматов Олжас (Алматы)

II жүлде - Данабек Ерканат (Алматы)

III жүлде  - Сапабеков Талгат (Алматы)

  «Саксофон-Альт» аталымы

I жүлде - Мусаипов Арухат (Алматы)

II жүлде - Бемм Артур (Алматы)

III жүлде - Мадениетов Мади (Алматы)

 Байқау дипломанттары:

Даркенбаева Аружан (флейта, Алматы)

Данильченко Анна (кларнет, Алматы)

Даулет Толганай (кларнет, Астана)

Байқауды Батырхан Шүкенов атындағы қор Болат Өтемұратовтың қорының қолдауымен ұйымдастырды. Барлық лауреаттар қаржылай сыйақы алып жатты. Байқаудың жабылу салтанатында олар «Камерата Қазақстан» симфониялық оркестр мен Франциядан келген әділ қазы мүшесі, дирижер Николас Краузе маэстромен бірге өнер көрсетті. Ал өнер кешінің құрметті қонақтарының арасында Батырхан Шүкеновтың анасы Дилара апа Шүкенова мен саксофон аспабынан ұстазы оның ұстазы Яков Ткаченко болды.