Сәәәлем! Бьонжүур!
Мен бастаған «Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 аруы» блог-эстафетасы өз жалғасын тауып, көпшілігіңіз қызығушылық білдіріпсіздер. Қазақтың ай маңдай сұлулыраымен мақтанып алдық қайтсе де
Сонымен, осы ойды жалғастырсақ деген идея бар. Расында, қыз бала мен ер жігіттің бір-бірін түсінбейтін, өзара келіспей қалатын тұстары көп қой. Мәселен, қыз баланың шектен тыс боянғаны ұлдарға ұнай ма? Ұнамайды. Жігіттердің сезімін білдіре алмайтыны қыздарға ұнай ма? Ұнамайды. Неге? Осы сияқты толып жатқан «қыз-жігіт» батлын ұйымдастырсақ деп едім. Массагеттік жастар өте ақылды әрі білімді, өз ойын ашық жеткізе алатын, жасына сай позитивті екенін байқадым, сондықтан да мені және мені ғана емес, көптеген қыз-жігіттердің басында пайда болған түсінбестіктерді жою үшін осындай бір эстафета жасасақ деген ұсыныс айтамын. Қабыл алсаңыздар, бастайын! Жалпы, қыздар жігіттердің қандай қасиеті ұнамайтынын, ал жігіттер қыздардың қандай қасиеті ұнамайтынын жазсақ деймін ғой
Эстафета талаптары:
Эстафетаны мен бастап отырмын, енді өзім блог соңында бір қызға ұсынамын. Ол қыз өз блогында өзге бір жігітке таяқша береді. Сөйтіп, қыз-жігіт, қыз-жігіт болып жалғаса берсе деймін. Ал кезекті алған қыз өзінің жігіттер туралы ұнамайтын қасиеттерін жазады. Жеке басқа тиісіп, жеке бас туралы әңгіме айтпаймыз; Мәдениетсіздікке жататын сөздерден аулақ боламыз; Негатив құймаймыз; Нақты себептермен ғана сөйлейміз, дәлелді де ұмытпаймыз;Ал бастадым!
Менің ойымша, қыздардың көбі жасандылыққа көп барады. Айналып кетейіндер-ау, бәрің созылып, бәрің сызылып жүргенде қайсысыңды таңдауды білмейді қаламыз ғой. Әсіресе ақын қыздар Гүлнар Салықбайдың стилінде бар өлеңін «Сіз» деп сызылып бастайды. Бұл қайталау, жасандылық. Өлеңде, жалпы мінезде жаңалық жасау қиын шығар, бірақ қыздар неге өзін қалай ұстағысы келсе, солай ұстамайды? Қашан көрсеңіз сол жауыр қылық. Иә, бәрі сондай емес, топырақ шашпаймын, бірақ осы сұраққа дәлелмен, ненің не екенін түсіндіріп бере алатын қыз табылар ма екен, әттең. Мәселен, бір қызбен сөйлесе қалдыңыз, ол сізге дым демейді. Өзің ыңғайсызданып сөлей жөнелесің. Бұл не сонда? Биязылық? Байсалдылық?
Мен оны әрбірден соң әйелім етіп алуға да дайындалып тұрған жоқпын, бірақ ол ұялады, өзін қалай ұстауды білмеген соң амалсыздан жасандылыққа барады. Әсіресе ауылдан келген қыздар (мен де ауылданмын) биязы боламыз деп, тым момын, тым жасқаншақ болып көрінеді. Иә, бұл тек менің пікірім, сондықтан алдын ала кешірім сұрайын қыз-қарындастардан. Десе де бұл ойланатын нәрсе секілді. Ойлағаныңды, ой-ауаныңды жеткізе алмасаң, өзгенің ісі мен сөзіне жауап ретінде ғана іс-әрекет жасасаң бұл не болғаны? Ал араласа келе оның өте ашық көңіл, жарқын мінезді қыз екенін түсінесің. Ал сол бастапқы кездегі жасандылықтың не қажеті бар еді деймін де! Қалай түзейміз бұл қасиетті? Ойларыңызбен бөліссеңіздер, құрметтілер!
Кезекті осында соңғы блог жазған қыз - Сыр қызына беремін!