Бастығыңа айтуға болмайтын 8 сөз
жеке
блог
блог
- Жалақым қайда немесе айлығымды бер. Онсызда сізге біреу бастық ретінде мәміле жасаса онсы сіз міндетті түрде жалақы аласыз. Ал, мерзімінен бұрын еңбек ақысын сұраған қызметкерді бастық болған кісінің ұната қоймасы белгілі.
- Ол мүмкін емес. Бастық сізге мүмкін емес дүниені тапсырмайды, сіз оны миы жоқ топас деп ойламаңыз. Сондықтан, жасауға болмайтын орынсыз істі жөнімен дәлелдеуге тырысыңыз.
- Мен бұлайша үнсіз, тып-тыныш жұмыс жасау нормасына төзе алмаймын. Онда өзіңізге лайықты, армандаған жұмысыңызды тауып алыңыз.
- Кеше түнде көп ішіп қойыппын, мастықтан әлі айыққан жоқпын. Бұл бәлкім бірер рет кешірілер, бірақ, екінші не үшінші рет қайталанса сіз жұмыстан кетуіңіз мүмкін.
- Осы іс жайлы алдыңғы апта сізге Email-да ескерткенмін. Электронды хат кімнен келіп, кімнен кетпейді. Поштаға күніне мыңдаған спамдар келіп, өшіріліп жатады. Бәлкім, сіздің ескертуіңіз де сол спамдар қатарында кеткен болуы керек. техникаға сенім арта бермеңіз.
- Бұл менің қателігім емес. Әрине, тіке сіздің қателігіңіз болмауы мүмкін, бірақ, ол іс үшін жауап беруге бастық сізді шақырып отыр ғой.
- Білмеймін. Тіке «Білмеймін» деп салқ еткізуге болмайды, білетін адамдарды, мамандарды көрсетуге де болады.
- Біз осы уақытқа дейін осылай істеп келе жатқанбыз. Басқа жайлы жұмыс сізді күтіп тұрса осылардың бәрін айта беруіңізге болады. Бірақ, барлық қызметкерлер қауымында ондай бақыт қайдан болсын?!