Бастан кешкен оқиғаға құмарлық...(Байқау)

Бастан кешкен оқиғаға құмарлық...(Байқау)
жеке
блог
Сәлеметсіздер ме, құрметке лайық "массагеттіктерім"!
Алақаай!
Мақсаттарымның барлығы дерлік жүзеге асуға шақ қалды! Әрине, сүйікті массагетімнің көмегімеен!
 
Сонымен...
Мақсаттарымның арасына Марк Твеннің "Гекльберри Финнің басынан кешкендері" атты туындысын оқуды кірістіргенмін(естеріңізде шығар).
Әдеттегідей, орындамақ ниетте әлем балалар әдебиетіне бет бұрып, осы бір кітапты бастап кеттім...
Автор XIX жылдардағы құлдықты, нәсіл теңсіздігіне бала көзбен назар салғаны қуантты. Басты кейіпкер Гек Фин - ақылды, қайырымды, кіммен болсын тіл табыса алатын, адал балақай. Кітаптың басынан-ақ тапқырлығымен, азаттық сүйгіштігімен баурап алады. Оның айналасындағы қоғамға деген өзіндік пікірі бар болғандықтан, әрі өмірін көше кезіп өткергендіктен, тәртіпті ұната бермейтін.
Алғашында мейірімді Уотсон ханымның үйінде тәртіппен өмір сүріп жатқан оның өмірі әкесін кезіктіргенше бірқалыпты еді, үйренісіп те кеткен-ді. Бірақ, аса қатыгез, ішкіш әкесінің оралуынан соң, амалсыз әкесімен бірге орман жанындағы үйшікте тұруына тура келеді. 
Әрине, Гектің сондағы қатал күндерге қарамастан бостандыққа құмартуы, жоспар құрып, оны жүз пайыз нәтижесінде орындап, қатігез әкеде құтылуы - оқырманды қызықтыра түсері хақ.
Ендігі күндерін белгілі бір аралда өткізуді қалаған ол, бұрынғы қызметші, қара нәсілді қайырымды Джиммді кезіктіреді де, бірігіп түрлі оқиғадан өтеді. Сол кезеңдерде ол қара нәсілділердің де адал дос бола алатынын түсініп, қоғам көзқарасына бой ұсынбауы - мейірімді де адал жүрегін бейнелейтіндей!
Сапарларында оларға кездейсоқ екі айлакерді жолығады. Ақшаның керектігіне қарамастан, бойында адалдықтың сәл де болса ұшқыны қалған Гекльберри Финнің,  жолдастарына деген көзқарасы мүлдем теріс болатын. Оның мақсаты - жәй ғана адал ақша жиып, азат ғұмыр кешу болғандықтан, жанындағы екі айлакерді құрықтауға тырысады, алайда, қайырымды серігі Джимнің жоғалғанын сезгенде бәрін доғарып, Том Соэрдің көмегімен досымен аман жолығады. Сол сәтте бәрі тоқсан градусқа бұрылып, қызық орын алады. 
Ол жағын құпия қалдырайын, иә?
Міндетті түрде, оқып көріңіз... өкінбейтініңізге сенемін!