Кетем деп біраз құлшындым. Мақсатым шетелге кетіп тәжірибе жинау болатын. Бірақ елде қалдым. Елден кетпеуімнің негізгі үш себебі:
Тың идеяларыңды шетелде емес, әуелі өз еліңде іске асыруың керек; Кейде негізгі жоспарға қарағанда жанама жоспар маңыздырақ болады; Шетелде әзірге ешкімге керек емеспін, ал Алматыда ең болмағанда үш адам үшін өте ҚАЖЕТПІН.Бірнеше ұсыныстар түсті. Біраз бас қатырдым. Енді жұмыстан кетуге шешім қабылдап тұрып, қалып қойдым. Жұмыстан кетпеуімнің негізгі үш себеі:
«Болашақ жасар» газетіне жұмысқа тұрардағы алдыма қойған мақсаттарым әлі толығымен орындалған жоқ; Шығармашылық еркіндік барлық жерде бірдей емес; Адамға қанағат та керек.Осындай ойларды саралай келе, өзімше шешім қабылдаған түрім. Аталған себептерім өзімен өзі реттелген кезде, елден де, жұмыстан да өз еркіммен кетемін. Әзірге маған шығармашылық шабыт тілей тұрыңыздаршы!
P.S. Бірден биікке шыққанды қайдан көрді дейсіз, баспалдақтармен жүріп өту керек те))