Біздің балалығымыздың басы Кеңес өкіметінің соңғы жылдарымен тұспа-тұс келді. Ендеше жоқшылық дегенді тәуелсіз Қазақстан болған кезімізде көрдім деп батыл айта аламын. Біз ержеткенге дейін тамақты картішкемен, талонмен алды ма шаруам жоқ. Бірақ 90-шы жылға дейін ел мамыражай тірлік кешкен секілді болып көрінеді."Мамыражай емес,"Желтоқсанды"қайда қоясың?" демей-ақ қойыңыздар. Менің әңгімемнің бағытының саясатқа қатысы жоқ. Ауылда ол кездерде қылмыс атаулы көп болмайтын.Қазіргідей бір ауылдың жігіті,өз ауылының қызын зорлау дегенді ол кезде естімейсіз. Бірді айтып екіге кетпей-ақ қояйын.
Ауылдың тірлігі көбімізге белгілі. Бала біз үшін ең тәтті сусын лимонад еді ол кезде. сосын аңда саңда жейтін бөлке нанда тәтті болып көрінетін. Ауылда табаға піскен нанды жейміз ғой көбіне. Дегенмен ол кезде ауылдағылардың барлығы дерлік нанды өздері пісірмеуші еді.Ауылымыздағы жалғыз дүкенге ауданна әкелінетін бөлке нандар түсетін. Нанды бізбен көрші тұратын Мәдина атты әженің (ауылдың барлығы ол кісіні Мәдина апа деп атайтын) аудандағы Жетпісбай деген ұлы таситын. Сағат он екіде дүкенге нан келеді. Біздің ауыл шашыраңқырап жатыр.көп бөлігі таудың(Төбелерді тау деседі біздің ел/Табыл Досымов/)арғы бетінде,мына жақ мүйісінде 14 үй тұрамыз.Дегенмен,ауданнан келетін жол біздің жақты бірінші басып өтетін. Кей күндері 12-ге 15 минут қалғанда мамам (әжемді "мама" деймін әлі күнге)мені "хлебовозды" күтуге жұмсайды. Үйден 100 метрдей жерден өтетін грейдер жақа жүгіремін күшігімді ертіп алып. Мені көрген Жетпісбай машинасын тоқтатып,қолыма екі нан ұстататын. Кейде ақшасын менен береді,кейде үйге келгенде ала салатын. "Қымыз бар ма?" сұрайтыны осы? Мен басымды изеймін,"Қайтарда соғамын" . Содан 12 жарымға қарай Жетпісбай біздің үйдің жанына қайтып келеді.Атаммен әңгімелеседі, қымыз ішеді. Біздің үйден киік еті үзілмейтін ол кезде. Аузының салымы ма,әлде соны әдейі есептей ме 1-ге қарай тамақ ішеміз.Киіктің еті қосылған қуырдақты жеп алып бірақ кететін. Жетпісбайдың қызық әдеті бар еді. Ауыл деген белгілі ғой. "Кухня" деп аталатын жазғы үйде отырамыз.Есігі шай ішкенде ашық тұрады. Қара шыбындардың бірі стөлден ұшып,енді бірі қонып жатады. Жетпісбай қымыз ішсе де,шай ішсе де бір қолына пышақ ұстап отыратын. Қонған шыбындардың басын "лып" еткізіп шауып тастайтын.Кейбірі сол жерде өледі,кейбірі бассыз ұшып кететін...