Басқалардың бізге әсері

1961 жылы америкалық профессор Аш бір бөлмеге 7 адамды жинап алып, тәжірибе жүргізеді. Адамдарға ақиқатты қабылдауы бойынша тәжірибеге түскендіктері туралы хабарлайды. Негізінде сынаққа алынған адам біреу ғана. Тәжірибенің шынайы мүшесін адастыру мақсатында қалған алты адам профессордың көмекшісі болатын.

Қабырғада 25 см және 30 см түзу сызық сызылған. Сызықтар бір-біріне параллель, және де 30 см сызық екіншісінен ұзын екені айқын көрініп тұрды. Профессор Аш қатысушылардың әрбіреуінен сызықтың қайсысы ұзынырақ екенін сұрап шыққан кезде, оның алты көмекшісі де 25 см сызықтың ұзын екенін айтады. Шынайы сыналып отырған адамдардың 60 %-ы олар секілді 25 см сызық ұзын деп айтты.

Егер шынайы сыналып отырған адам 30 см сызықтың ұзын екендігін анықтаса, қалған алтауы оны күлкі етіп, олардың қысымымен 30% жағдайда қалған алтауының ойына қосылған.  Тәжірибе студенттер және оқытушылар арасында болған. Нәтижесінде он адамның тоғызын 25 см сызықтың 30 см сызықтан ұзын екендігіне көндіре алды.

Ең қызығы, тәжірибе аяқталған соң, сынақтың мәнін түсіндіріп, ондағы алты адамның профессордың көмекшілері екендігін айтқан соң да, сыналған адамдардың 10 %-ы 25 см сызықтың 30 см сызықтан ұзын деген ойларында болды.
Өздерінің қателескендігін мойындаған адамдар кешірім сұрап, көздерінің дұрыс көрмегендіктерін немесе дұрыс емес бұрыштан қарағандарын айтты.

Бұл жағдай сіздің басыңызға түссе, не істер едіңіз?



Бөлісу: