Бір "әдемі" ұрыс тағы бір жазбаның тууына себеп болды. Құдай-ау неге біздің бас сиыспайды осы?! Жоқ, мейлі мен-ақ кінәлі болайын...Шаршатпай ма бұл ұзын-сонар ,мән-мағынасы жоғалған ұрыс-керіс?!
Басынан бастасам былай болды... Өзімнің бір "сәтсіздігімді" ,дәлірек айтсам ,бүгінгі күннің жаңалығын айтып,бөлісіп отырсам ммм.. "сол" адаммен ,ол келді де "қисық" сөзімен түрткілей бастады. ( негізі ол жігіт ,ия ол -жігіт, ащы сөйлейді. көп сөзді емес бірақ бір сөйлесе жерге кіргізеді), Қысқасы баяғы әдетіне салып қалжыңдай бастады при чем қатты. Мен құдай-ау қыз емеспін бе?! еркеледім де ,наздандым да ,күліп алып қалжыңмен жауап қаттым -" кетш,сен осы үнемі сөйтесің дұрыс жауап бермей" деп. Мұнымды асылық етті ме көзіне "асау көкем көрінгендей" бірден алай-дүлей бола қалғаны - е күлерімді ,е күлмесімді білмей дал болдым. Жаныма батқаны телефон тұтқасын қоя салғаны......... бұдан артық қорлық бар ма "ерке қызға"?! ық ық. Қойшы қазір күліп жазып отырмын ғой. Бірақ сол сәт жанарымнан жас үзіле жаздады. Мені ұстағаны-жанымдағы бөтен адамдар. Солардың "не болды" деген көздері мен атып алар сөздері.
Не де болса ренішімді ,реніш емес-ау сол сәттегі ашу-ызамды айналып қана кететін смс хатпен жібердім. Сондай "супер" әдетім бар))) айта алмасам да "жазғанды" қатырамын өзі айтпақшы...(жиі солай етемін,мойындаймын. менің жақсы қасиетім уахах)
Сөйлесіп анығын ұқтыра алмай әлекпін. Екі қырсықтың да айтары-"мен қалжыңдап ем ,-сен ұқпадың"! Анығы, екеуміз де ұқпаған сыңайлымыз. Екеуі де көкірек,екеуі де қырсық, екеуі де тілмен жеп барады. Қыз боп қоя салсам-"айтарың жоқ себебіге" басып тілімді қышытып барады. Басқа бәле тілден екенін Қазына беске біледі. Бірақ сенің жүрегің таңдаған адамның өзіңе "қисық" жауап беруі қалжың деп айтудан бұрын ренішті тудырады екен. Мен өте өте өте өте әзілкешпін,мойындаймын оныма ол "сезім болмай" жатып үйренген де ,кейінгі "өзгерісіме" шошып қарап жүр ма деп те ойлап қоямын. Оған неге көп ренжимін деп өзімді де кінәлап көрдім. Себеп біреу-"ұнатамын"...оооойй былжыраған жүрек-ай)) Бәрінің әзілін көтеріп "сол" адамға келгенде "қырсыға" кететінімнің жауабы осы ғой,әй адам. Ұнатқан соң "одан" теееек "әдемі" сөз күтем ғой. Әр сөзі жүрекке ұялайды. Қысыр мінезінен пайда болған "жесткий әзілдері" де тікендей қадалады. Неге таң қаласың иии?! Ұқпайсың десем ашуланады, түсінуге тырысып-ақ жүргендей...қайдам бірақ. Ол адамды кінәлаааааааап,аппақ болудан аулақпын. Жынына тидім ғой құрысын. Еркеліктің соңы неге әкелді... Сонда да ұқса екен деймін-МЕН ТЕК ЖЫЛЫ СӨЗ КҮТЕМІН ҒООООЙ: ӘЙТПЕСЕ НЕМ БАР БОСҚА ДАУ ШЫҒАРЫП НАЗДАНЫП?! эээххх мейлі. Болар іс болып бояуы сіңді. Бір данышпан ұрыстан шашы ағарып шаршаған әйелге "үйіңе күйеуің келгенде аузыңды суға толтырып ал" деген екен. Сондағысы- тіліңе ие бол үндеме дегені ғой))/ Басқа басқа шымкенттің қызы мен білем ғой мұны))) Десек те, ерке мінезімді жеңе алмасам айып па?! Зияны да жоқ емес-ау...Менің жақсы қасиетім десем бе әлде жаман-әйтеуір реніш я ұрыс 2 минуттан (бұл максимум) ұзап кетсе неге ренжісіп жатырмыз,не сөз өтті ұмытып кетемін. Күліп кетемін.Онымды пайдаланса кез келген адам менен өз қателігі үшін "кешірші" сөзін ести алады)) (мәәә өлтірдім ғой деймін,ә?!) Ренжіп бұртиғанымның себебін ұқса болды. Асылында ренішті білдіру үшін "бұртиямыз ғой")) Рас та, білдірмесек кімге келіп кімге кетері бар,солай емес пе?!
Ренжімеймін ғой ,құдай жүрек,сол ұрыстың ,болмашы реніштің арты "жараланаған" жүректің пайда болуына себеп болмаса екен деген ниет қана. Ниет емес ,тілек. ҰҚШЫ,"СОЛ БІР АДАМ", осыны. Оны көп жерде үндемей қалатындығы үшін де ұнататын шығармын. Үндемейтін "жер" көөөөөөөөөп болса деп күліп қоямын)))))))))
Ашуланып бастап ақыр соңы күліп кеткенім қызық болды)) Мейлі реніш,мейлі ашу-ыза.! Ең бастысы ол шынайы болса-демек сенің де менің де босқа жүрмегеніміз...Түптеп келгенде ."сезімнің" барынан!,- деп өз пайдасына шешті ЕРКЕҚЫЗ)))))