Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ!
блог
"Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
Аукцион деген сөзді естіген соң шетелдік азаматтар сатып әкетпейді ме деген сөздер туындады. Сол себептен мен айтқым келіп отыр: ешқандай шетелдіктің аукционға қатысуына шектеу қойылған. Олардың Қазақстанның жерін сатып алуға ешқандай құқы жоқ. Ал шетелдіктерге жалға берілген жерлерді санасақ, ол кешегі туындаған нәрсе емес, бүгін енгізіп жатқан жаңалықтар емес, негізі ол тоқсаныншы жылдан бастап, бірінші заң туралы заң шығарғанда ол шешімдер болған. Сол кезде ешқандай айырмашылық жоқ-тын, қазақстандықтар да, шетелдіктер де, үш жылға, сосын он жылға алатын. Содан кейін 1995 жылы өзгерістер енгізілді, 95 жылдан 2001 жылға дейін 99 жылға дейін рұқсат берілді. Ал 2001 жылы өзгерістер енгізіліп, қазақстандықтарға жалға берілетін уақыты 49 жылға дейін созылды, ал шетелдіктерге 10 жылға дейін шектеу қойылды.
Демек, игерілмеген жерлерді шетел азаматтарының уақытша қолдануына жалға беру жаңалық емес. Бұл мерзім бізде 25 жыл болса, көрші Ресей шетелдіктерге жерін 49 жылға дейін, ал қойнауы мұнайға тұнған Араб әмірліктері бір ғасырға да уайымсыз беріп отыр. «Жерге салынған қаржы мен төгілген еңбектің қайтарымы болуы үшін өндіріп ондаған жылдар керек»,- дейді Қайырбек Өскенбаев.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
10 жылдың ішінде ол ақшасын қайтара алмайды. Ең кемінде 15 жыл керек, ол тек қана өз ақшасын қайтаруға. Пайда көру үшін созу керек. Негізі ресейліктер сол жолмен кетті, бізге 49 жылға дейін созсаңыздар деп «ақыл» жазған. Біз 49 жылға созбаймыз деп, 25 жылға келістік. Ол заңмен 1,5 жыл пайдаланып отырмыз. Сол себепті ол кеше туындаған, бүгін туындаған заң емес, бұрыннан қабылданып, қолданып жүрген заңдар.
Елімізде 272,5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар. Оның 65 миллионын шетелдік компаниялар жалға алып, мемлекет қазынасына салық төлеп отыр. -Бұл біздің қолымыз жетпей, игерілмей жатқан жерлер еді,- дейді Өскенбаев. Қазір ол жерлерден ауыл шаруашылығы өнімі алынып, ішкі сұранысты жауып отырған көрінеді.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
Ең көбі орыс, Ресей федерациясының азаматтары, 10 мың Га астам, сосын қазақстандық компаниялармен құрған кәсіпкерлер, олар заңды тұлғалар, 49 мың Га, сосын Кипрдің 7900 Га, қалғандары 200-300 Га төңірегінде.
Ал көпшілік «қаптап кетеді» деп қорыққан Қытайдың жалдаған жері «ұлтарақтай» көрінеді.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
Қытайдың қазақстандықтармен қосқан 40 сотық жер алған компания бар. Ол жарты Га көлеміне де жетпейді. Осы жарты гектар жерді жалға алған Қазақстан-Қытай компаниясы бар.
Жер кодексінде еліміздің шекаралас аймақтарынан жер бермеу туралы норма бар. Алқаптар шетелдіктерге жалға берілген күннің өзінде мемлекеттік органдардың қадағалауында болады. -Жалға алушының жер құнарлығын сақтауы да мемлекеттің қатаң бақылауында болады,- дейді шенділер. Жерге қатысты қитұрқы қимылдарды болдырмауды Сенат төрағасы де шегеледі."
Талғат Халық,Қазақ елінің азаматы:
Ресей мен Араб әмірліктерінің жерді арендаға уайымсыз беріп отырғанын біздің елдің ахуалымен салыстыруға келмейді. Ресейде 150 миллиондай адам тұрады, оларда ассимиляцияға ұшырау қауыпы туып тұрған жоқ, және де бұрынғы КССРО-ның атом бомбасының мұрагері. Оларға жамандық жасау үшін қатты ойлану қажет.
Ал Араб әмірліктеріне келетін болсақ олар Қытаймен көрші емес қой.
Қазақстанның жағдайына келсек 17 миллион халқы бар 1,5 миллиард адамы бар Қытай көршімізге жерді арендаға беру менің ақылыма симайды. Жиырма бес жыл бір ұрпақ ауысады. Жиырма бес жыл ішінде қытайлар Қазақсан азаматшаларына үйленіп, балалы -шағалы болып азаматтық алмасына кім кепіл!?Бір пайыз қытайлар келсе де Қазақстан үшін көтере алмас жүк. Оның үстіне қытайлар қазақтың тілі мен дәстүрін қастерлемейді де, үйренгісі де келмейді. Қайтсін үйреніп, өзімізде де олар қажетсіз...әзірге...
Ал заңды бұрыннан бері шығарып қойғандарыңа келетін болсақ осындай ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан халыққа қатты әсер ететін заңды халықтың рұхсатынсыз"референдумсыз " неге қабылдайсыздар?! Мораторийдан соң міндетті түрде референдум өткізу керек!
17 Миллион ғана халқы бар, ұлан ғайыр жері бар Қазақстан аштан өліп,көштен қалып жатқан жоқ. Әзірге ұшан теңіз мұнайымыз да тауысыла қойған жоқ. Менделеев таблицасындағы барлық элементтерді қоспағанда. Тұрғын үй салатын он соткадан басқа жерлердің бәрі мемлекет меншігінде болып, тек Қазақстан азаматтарына жалға берілуі керек.Меніңше жерді сату да, шетелдіктерге жалға беру де кейінгі ұрпақтарға қалуы керек. Әлі ерте, жүз миллион қазақ болғанша. Тіліміз бен дәстүріміздің жойылып кеті қауыпы арылған уақытта. Бұрынғы бодандық саясаттың шырмауынан енді-енді босап келе жатқан уақытта бұл қазақтыққа тиер ауыр соққы болуы қаҺ!
Жерді жалға беру туралы теріс пікір жазғандар қудалауға ұшырап жатыр деп естіп жатырмыз. Шеттен келген арандатушылардан ақша алады екен-мыс... Ешкім маған ақша ұсынған жоқ. Менің жүрегімнің қалауынан шыққан жазулар.Мен сияқтылар көп теп ойлаймын.
Ал 65 миллион жалға шетелдіктерге берілген жерге келетін болсақ мен толық есеп талап етемін . Кімге ?.қанша.? Мен Қазақстан азаматы болған соң бұған қақым бар деп ойлаймын! Жалға берілген мерзім біткен соң бұл жерлер міндетті түрде үкіметке қайтарылуы керек!
Ойланыңыздаршы, жерді шетелдіктерге беру бізге соншалықты қажет пе еді? Егер де біздің шаруалар сіздер суреттегендей бейшара, сорлы болса , жер өңдеуге, өнім алуға, өнімді өңдейтін зауыт салуға қауқарсыз болатын болса..бір аз тоса тұрайық,еңселерін көтерген кезде өзіміз ақ игереміз!