Бас қатырып көріңіз?!
блог
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не?
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан?
3. Жел соққанда тау ық бола ма?
4. Теңізде қандай тас болмайды?
5. Ертістің ортаcында не бар?
6. Қызыл теңізге ақ орамал салса не болады?
7. Патша қайтыс болғаннан кейін оның ұлы не болады?
8. Бегемотты холодильникке 3 тәсілмен салу керек?
9. Жирафты 4 тәсілмен салу керек?
10. Аңдарды аң патшасы жинағанда 1 аң келмей қалады? Ол қай аң?
11. Адам тамақ пісірерде ең бірінші қазанға не салады?
12. Бәріміз бауырсақ ертегісін жақсы білеміз! Ертегі бойынша бауырсақ қашып кетеді.
Бір күні кемпір бауырсағын пісіріп, дала шығарып, кейін келіп қараса, бауырсақ қашпаған! Неге? Кемпір қандай амал қолданды?
13. Қаз, адам, қарақат! Осы үшеуін не байланыстырады?
14. Қыз бен жігіт жолда келе жатса, алдыдан бір қария жығып қыздан: -қасыңдағы кім деп сұрайды. Қыз: - шешемнің шешесі, оның қайын енесі, сонда бұл маған неменесі? дейді. Сұрақ: қыздың қасындағы кім?
15. Кешегi күн ертең болғанда, бүгiн күн жексенбi болар едi деген сөздi қай күнi айтқан?
16. Атақты Мона Лиза картинасы қайта тұр?
17. Қандай ыдысқа су көп кетеді?
18. Мұхит астында не жоқ?
19. Бәрі бар сандықта бірақ нәрсе жоқ. Ол не?
20. 1 жұмыртқа 3 минутта қайнаса, 5 жұмыртқа неше минутта қайнайды?
21. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
22. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
23. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?