Бас жүлдеге - үй тігілді

Бас жүлдеге - үй тігілді
жеке
блог

Күні кеше қарашаның 28-ші жұлдызында Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында ұлттық төл айтыс өтті. Бұл жыр дода халықаралық жастар арасындағы «ел болам десең...» атты тақырыптағы айтыс. Қытай елінен келген қандас бауырларымыз, Астана, Семей, Тараз, Алматы қалаларынан қара қылды қақ жаратын ақындардың қатысуымен болды. Қанжығасын майлап келген азулы ақындар бір-бірінен қалысар емес, деседе өлеңмен өрнектеп, бұлақтай төгіліп келген ақындар саны екінші айналымда азая түсті. Әділ қазылар алқасының шешімімен, көрерменнің көзайымына түскен ақындарға 20 мың тг берсе, үшінші орын алған Сырым Әуесхан 70 мың тг. екінші орын Алтынбек Ибрагимов 100 мың тг. бірінші орын Аманкелді Сейітхан 150 мың тг. сыйақы берілсе, Бас жүлдеге Қытай елінен айтыс деп, қара домбырасын арқалап келген әпкеміз Анаргүлге тұрғын үйдің кілтін сыйлады. Тартысты айтысты ұйымдастырған «жастарға қолдау көрсету орталығы» ҚБ. Және де бас демеуші «Қайнар университетіне» алғыс айтамыз. Дәл осындай тартысты айтысты алдағы уақытта да күтеміз...