"Барынша әділетті болу - журналист үшін маңызды" (Нұртөре Жүсіп)

- Қайырлы күн, Нұртөре көке. Мен ҚазҰУ журналистика факультетінің  1-курс студенті – Нұрланова Ақбаян.

Бүгінгі сізден алар сұхбатымның мақсаты студенттер мен көптеген журналистердің сізге, сіздің шығармашылығыңызға деген қызығушылығынан туындап отыр. Яғни, газет беттеріндегі сіздің еңбектеріңіз көзге түсе кетсе, бірден қызыға оқып және оның көлеміне, сол қысқа ғана мақалада қоғамдағы өзекті, айтулы мәселелерді толық ашып жеткізетіндігіңізге деген таңданыс.

Ең алғашқы туындыңыз қай баспада жарық көрді?

- Мектеп қабырғасында жүргенде газет журналдарға деген қызуғышылық оянды. 5-6 сыныптан бастап «Қазақстан пионері» аттты газетке мектеп өмірінен шағын хабар жазған болатынмын. Ең алғаш жарық көрген мақалам ол – Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Өскен өмір» газетіне Мектепте өткен әдеби кешті хабар ретінде  жазғаным болатын. Екінші жарыық көрген шағын әңгімем – «Киіктің киесі»деп аталды. Сол кездері «Өскен өмір» газетінде жұмыс істеп жүрген қазақтың белгілі қаламгері Серік Байқоновтың көзіне менің туындым шалынған екен. Маған: «Қаламың жақсы екен. Мен егер «Лениншіл жас» гезетінде отырсам, ойланбастан әңгімеңді жариялайтын едім» - деген жақсы мақтау сөз айтты. Бұл да маған бір демеу болып, 10-сыныпты тамамдағанша Республикалық балалар басылымына, «Лениншіл жас» газетіне, «Жалын» журналына өз жазғандарымды жіберіп отырдым.

 

- Осындай шеберлік қалай қалыптасты?

- Егер жазбасаң шебер екеніңді, шебер емес екеніңді қайдан білесің? Спортшылар да чемпион болатындығын ойлап қана отырса, әрекет жамсамаса чемпион бола алады ма? Сондықтан шеберлік деген уақытпен бірге қалыптасады. Осы орайда журналистке берер кеңесім: біріншіден, ешқашан ерінбеу керек. Екіншіден, ізденісте болу керек, үшінші, көп оқу керек. Төртінші, күнделікті жазу керек. Жазбаң қай жерде жарық көретіні маңызды емес, мүмкін ол – газет-журналдарда ма, блоггерлік немесе сайттарда жарияланатын шығар. Бұл маңызды емес. Жай ғана кнделікті өмірдегі әсеріңді жазу – сенің өзіндік стиліңді қалыптастырады.  Онда да не болса соны топырлатып жазу емес, әрине. Мейілінше, мәліметтерге сүйене отырып, мақсатты түрде маңызы бір білгілі бар тақырыпқа, ой түйіндеуге ұмтылу керек. Себебі, қазіргі журналистика – ойлы журналистика, яғни, жазу дегеніміз баспасөз-баянына жүгіне отырып күнде сайтқа  салған бұл жақсы жазудың көрсеткіші немесе нәтижесі емес. Әр жазған туындың ойлы, тағылымды болуы шарт. Елге пайдасы тиетін тақырып пен осал тұсты түгендеп, жақсы жағымызды жеткізе отырып  ұлттық журналистика негізін қалыптастыру қажет.

 

- Сіз «Мың құмырсқа және біз» кітабыңыз жайлы:

«-Еліміздің тағдыры, еліміздің тілі, қазақ халқының тарихына және бүгінгі тіршіліктеріне байланысты озық тұстарымыз қайсы, кемшін тұстарымыз қайсы деген мәселелерді ортаға салған, жобаларды нұсқаған мақалалардың жиынтығынан.»-деген болатынсыз . Бұл кітап қалай жарыққа шықты?

 

- «Мың құмырсқа және біз» атты кітабыыз былтыр «Алтай-медия» баспасынан жарық  көрген болатын. Кітапқа публицистикалық мақалалар және бірқатар эсселер кірді. Алайда, кітапты басып шығару менің жоспарымда болған жоқ, оны басып шығарған Алтай Медиа баспасының қызметкерлері туған күніме деген тосын сый ретінде менің жазған, сызғандарымды түгендеп, жүйелеп-жинақтап басып шағарған болатын. Кітапқа енген мақалаларының көбісі осы «Айқын» газетінің бетінде жарық көргендер жіне журналист тарпасындағы еңбектерім.

- Жалпы кітап үш бөлімнен тұрады ғой?!

- Иа, бірінші бөлім – публицистикалық мақалалар. Екіншісі –  замандастарымыздың келбетін сомдау болса, үшіншісі, болашаққа деген көзқарас, ұмтылыс бейнесі. Шынымды айтсам, бұл расында мен үшін үлкен тосын сый болды. Кітаптың дизайны, құрылымы, жинақталуы – жалпы ұнады.

- Сіз кешегі elana.kz сайтындағы, «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Елбасының ұлттық идеясы» атты мақалаңызда: ««Іс тетігін кадр табады» деген мазмұндас мәтелді тіл ұшына тиек етер болсақ, Елбасы айқындап, белгілеп берген ұлан-ғайыр істердің бәрін жүзеге асыруға мақалада айтыл­ғандай, «бәсекеге бейімделген мамандар» керек. Ол қайдан шығады? Жаңа буыннан, жас ұр­пақтан шығары сөзсіз. Сондықтан, Елбасының мақаласын барша қазақ баласы жата-жастана оқуы, ой тоқуы, бел буып, білек түрініп, жүзеге асыруға жаппай атсалысуы тиіс деп есептеймін.» -деп түйіндеген болатынсыз.

 

- Елбасының «Болшаққа бағдар рухани жаңғыру» деген мақаласы жарық көрді. Осы  Мақалаға байланысты бүгінгі және ертеңгі рухани тұрғыдан алған жаңғыру мәселесі қазір қызу талқылау үстінде. Зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері өз ойларын, көзқарастарын білдіргендігі БАҚ өте үлкен серпіліс ретінде анық көрініс берген. Бұл мақала – қазақты қайраған мақала. Осы орайды мақала жайлы мен де өз көзқарастарымды «Егемен Қазақстан» газетінде және elana.kz сайтында «Елбасының ұлттық идесы» атты еңбегімде білдірген болатынмын. Бұл мақалада айтылғандай  біздің еліміз бүгінгі күні әлеуметтік, экономикалық үшінші жаңғыруға аяқ басқан кезеңде рухани жаңғыру да өте өзекті екенін естен шығармаған жөн. Президент осы мәселеге байланысты  өзінің бірқатар қадау-қадау ұсыныстарын тастады. Шын мәнінде бәсеке бейімделген мамандардың керек екендігі даусыз. Ол мамандар қайдан шығады? Әрине, жаңа буын, жас ұрпақтан шығады деп айтып отырмыз. Ал енді жас ұрпақ игерілмей жатқан қай салалар, қай жерден жарып шыға алады, қай жерде білек сыбанып, бел шешіп  жұмыс істей алады соның барлығын алдын ала ойлауы керек. Барлығы да бүгінгі күні заңгер, әкім болмаса мемлекеттік қызметкер болғылары келеді. Ол талап та дұрыс шығар, бірақ қазақ ұлтының игерілмей, меңгерілмей жатқан, әлде де мойнымыз бұрылмай жатқан салалар баршылық. Соның бірі  мына IT мамандары тапшы. Ал Елбасы жолдауында цифрлі Қазақстан мәселесеіне жіті мән беру керек екенігін атап айтқан болатын. Болашақта, қысқаша айтқанда өмір сүру қолайлы болу керек. Қазірге таңда барлығына белгілі халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығында анықтама алудың, кезекке тұрудың барлығы біршама жеңіл, ұтымды тұстарын тауып келеді. Бұл бір ғана мысал. Дүниежүзінде дамуы озық кеткен елдер – Жапония, Корея, Қытай технологияда үлкен серпіліс жасаған мемлекеттер. Олар бізге ұзақ кезекке тұрудың, бір анықтама үшін пәлен есікті қағу секілді проблемадан туындап отырған уақытты үнемді пайдалану жолын көрсетіп отырғандар ғой. Сондықтан біз осындай жетістіктерге ұмтылуымыз керек. Цифрлік Қазақстан жобасын жүзеге асыру – міндет.

 

- Ал кездесуде  кадрларды тағайындау барысында елбасының тәжерибелі қызметкерлерді қойғандығы жас буынға деген сенімсіздігі ме деп сұрадыңыз, осы жастар жайлы сіздің жеке пікіріңіз қандай?

 

- Ал мына Елбасымен кездесудегі қызметке бекітуге байланысты сұрақтың бір буыны жас кадрларға деген көзқарасыңыз қалай деген тұрғыда болды. Теледидардар кеткен бір жарым сағаттық  (1,5) нұсқасы берілді. Жалпы сұхбат үш (3)  сағатқа созылған болатын. Елбасымыз жас буын өкілдерінің жақсы қызмет атқарып жүргендерін де бірқатарын атап айтты. Жалпы, жастар жаңашылдыққа бейім болып тұрады. Қазақ ғалымы  Шоқан Уалихановтың еңбектерінде Қазақ халқының жаңашылдыққа бейім, кез келеген жаңа нәрсеге еліктегіш келеді деп жазған болатын.  Жастар тау қопарардай қуатты, қайратты болады, арманы зор, талабы мақты болады, осы орайда, осы еліктеу қасиетін дұрыс бағытта қолдануы керек деп білемін.

- Осы сәтте менің сіздің өндірістік тәжерибеге келетін болашақ журналист маман иелері жайлы сұрағым келіп отыр. Өскелең ұрпақ туралы пікіріз қандай?

- Біріншіден, ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің болашақ мамандары өндірістік тәжерибеге жүрдім-бардым қарайды. Жай ғана келіп, тіркеліп парақтарына қол қойдырып кетеді. Өз беттірімен ізденіп, газеттің шығу процессіне қанығып,  өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстау – керекті дүние. Бірақ осы өндірістік тәжерибеден өтуге студенттердің басым көпшілігі қалай болса, солай қарайтын жағдай қалыптасқан. Оқып жүргенде ұстаздар телориялық жағынан білім береді, жалпы бағдар көрсетеді.  Ал негізгі журналист өмірі мына газетте, теледидарда, радиода – шығармашылық ортада қайнап жатады. Қай курстың студенті болмасын осы мәселеге жауапкершілікпен қарауы тиіс. Себебі, ертең оқуды тамамдағанда Журналистика факультетінінің дипломын алады. Төрт жылғы оқу барысында редакция есігін ашпаса, танысып тыныс-тіршілігін көрмесе, сезінбесе қайдан білікті маман иесі болады? Сондықтан, мен осы жастардың өздеріне қажетті өндірістік практикаға салғырт қарайтындығына қайран қаламын. Екінші мәселе Алматы секілді мәдениет ошағында, Тәуелсіздіктің алтын бесігі аталған қалада өмір сүріп ҚазҰУ қалашығынан шықпайтындығын байқаймыз. Бірнеше жыл бұрын осы журналистика факультетінің мемлекеттік емтихан төрағасы болдым, сол кезде кейбір студенттер Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының қай жерде орналасқанын білмейтіндігін, төрт жыл оқып, Ұлттық кітапхана есігін ашпағандығын да кездестірген болатынмын. Бұл адам ұялтатын жағдай. Қайран қылдым, шыныкерек.

- Көп рахмет, шынымды айтсам, сіз жайлы естігенде қызығушылықпен тыңдайтынмын. Атам да үнемі сізден үлгі алу керек деп құлағыма құйып отыратын, мен сіздің мақалаларыңызды оқығанда таңқалатынмын.  Себебі, көлемі қанша қысқа болса, сонша көп мәліметпен қанық етіп, маңызды мәселелерді көтеріп отырасыз. Сіздің кумиріңіз есебінде  өмірлік ұстанымыңызды  естігігм келіп отыр?

 

- Адал болу керек.

Біріншіден, адам ретінде адалдық, екінші, кәсібіңе деген адалдық.

Барынша әделетті болу.

Адам-пенде. Өзімен-өзі күресуі, өзінің кемшіліктерін көруі, өзін-өзі жетілдіруі – маңызды фактор. 


Сұхбатыңызға көп рахмет, сіздің берген әрбір кеңесіңіз менің өмірімнің темірқазығындай.



Бөлісу: