Автор идеясы. Автор халыққа отбасының маңызын ұғындыруға, оның құндылығын қастерлеуге тырысқан. Ұлыбританиялық The Economist журналының дәстүрлі “Әлем статистикасы – 2015″ жинағында Қырғызстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлем елдері арасында 48-орында тұр. Ал Қазақстан болса, алғашқы ондыққа кірген. Соған байланысты автордың шығармасы өзекті.
Фильмнің атауы. Фильмнің тақырыбы менің ойымша дұрыс таңдалған. Жанұя сөзінде «жан» яғни отбасы мүшелері және «ұя» сөзі шаңырақ, жылулық, бауырмалдылық, сыйластық, мейірімділік сөздерімен егіз ұғым секілді.
Режиссер шешімі. Мысалы көршісі көлікпен зергерлік дүкеннің алдына тоқтайды. Әйелі бірден көліктен түсіп, қуанып қымбат жүзіктерге жүгіреді. Ал күйеуі болса «Мамама жараса ма?!» деп әйеліннің ұнатып қолына таққан сақинасын көрсетіп. Әйелінің бірден көңіл күйі түсіп, арзан сақиналардан кез келгенін таңдай салады. Кейін сол сақинаны жолдасы әйеліне сыйлайды. Аң – таң болған жолдасы «Бұл мама емес пе?! Бұны қалай тағам?» деп шамдана бастайды. Сонда жолдасы «Менің мамам қалай тағы? Сондықтан сыйлық таңдар кезінде өзіңе таңдағандай ал!» деп жауап береді. Көріп отырған көрерменге тәрбие болатыны сөзсіз. Және Асқар көлікте отырған кезде қайыршы ақша сұрап келген кезде оған жекіп тастайды. Ол кезде оның қалтасы қалың, ақшасы бар болатын, кейін бәрінен айырылған кезде ол да сол қайыршының деңгейіне түседі. Бұл үзінділер де қазіргі кезде әлемді билеген көк қағаздың пайдасы мен зиянын ашық көрсетіп береді.
Оқиға байланысы. Басы бар, шарықтау шегі бар, аяғы бар бір тұтас жүйелі фильм. Ғашықтардың үйленуі, балалы болуы, жұмыстағы өсу, жұбайының опасыздығы, әйелінің сырқаттануы, Санияның таңдау жасатуы, әкенің сатқындығы, балалардың көз – жасы, олардың көрген қиыншылығы, мейірімділік пен қатыгездік, Асқардың қайыршыға айналуы, балалардың қайсарлығы, қиындықты жеңуі, отбасының мейірімділігі, кешірім барлығы бір – бірімен тығыз байланыста құрылған тамаша кино.
Ұнаған тұсы. Өмірдің бумеранг екенін көрсете білді. Асқардың балаларына, отбасына сатқындығы және Санияның Асқарға сатқындығы. Жақсылық жасада, жамандық жасада адамның өзіне дәл сол қалпында қайтатыны. Отбасы әкесінің сатқындығын кешіре білді. Мен үшін күтпеген кадр болды. Кіп – кішкентай болса да ағалы – қарындасты тағдырдың сынына шыдады. Мүмкін кино шығар. Бірақ мен бұлай жасай алмас едім.
Ұнамаған тұсы. Басында көріп отырғанда бәрі тамаша, қай жерде қателік болады, кімнен қателік болады деп күтіп отырғанда отбасының шырқын Асқардың көңілдесі бұзады. Фильмде осы көңілдесті көрсетудің қажеті жоқ еді. Әрине, соңына келген әркім өзінің сыбағасын алады. Дегенмен де осы бір кейіпкер болмағанда.
Актерлер шеберлігі. Әкесінің таңдауын жасағаннан кейін, «Әке, бізді тастап кетесің бе?» деп ағалы – қарындастың жылағаны, осы балалардың анасы аурудың рөлін сомдауы, жағымсыз кейіпкер болған Сания да өзінің рөлін сәтті ойнап шықты.
Тіл шеберлігі.
«Туысқанға деген махаббат – құрмет, досыңа деген махаббат – сенім, жұмысқа деген махаббат – жауапкершілік, табиғатқа деген махабат – білім мен ғылым ұғымын білдірсе, отбасына деген махаббат – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі болып табылады. Отанға деген махаббат – адалдықтың белгісі»
«Өмірді жаңадан бастауға болмайды, басқаша жалғастыруға болады»
«Жаныңдағылардан жырақтап, жақсылыққа жетпесің анық»
«Барыңды сырттан іздеп тасынба»
Өзгерлер секілді мен де шетел киноларын көремін. Бірақ рецензияны қазақ киносына жасағым келді. Сынау – мінеу мақсатында емес. Қазақ киномотографиясының дамуын білгім келді. Киноны барынша зерттеп көрдім. Біздің фильмдерді шетелдік фильмдермен салыстыруға мүлдем келмей. Біз ужас, фантастика, боевик т.б. жанрларды түсіре алмайсыз. Мұны мойындау керек. Менің айтпағым не дегенмен өсу мен даму бар. Біздің киноларды кекетіп – мұқатудың қажеті жоқ. Біздің де кинолардың арасында Оскар сыйлығын алатын кинолар туады. Тек қазір емес, болашақтың еншісінде.