Барыңа, бағыма – шүкір!

«Виртуалдағы  достар  реалда да шынайы досқа  айналса-жақсы,ал керісінше,реалдағы достарың виртуал болып кетсе -бұдан сұмдық нәрсе болмас»

                                                        ***

           Кеше сіздердің маған арнаған видеоларыңызды көріп отырып,достарымның барына  тағы бір рет шүкіршілік еттім.Өмір ғажап, ә!) Осы орайда досыммен болған диалогқа назар аударуларыңызды сұраймын:

-Иии,өмір тамаша,ғажап қой! Расымен, «бақытты болғың келді ме,бола сал!»Ешкім саған келіп  «сен бақытсызсың» деп бетіңе баспайды.Біз бақытсыздық деп жүргенді бақыт санайтындар да бар,ұмытпайық!Сен қазір тірі  жүрсің бе,талай өлімнен аман қалдың ба,көп сыннан  өттің бе, әлі  жер басып жүрсің бе? Демек,сен істеп бітіретін бір шаруа бар.Қорықпа,ол істі тындырмайынша  ажалың келе  қоймас!

-Аллаһ уәлім...

-Көп жылап өмірден түңілесің бе,өзіңді жалғыз сезінесің бе? Айналаңдағы жай ағашқа  қарашы,саясына адамдар келеді,тым құрығанда құрт-құмырсқалар келіп,керектеріне жаратады.Яғни ол ағаш жалғыз тұрса да жан-жағындағыларға керек,бір қажеттілікке жарайды,сырт көзге жалғыз көрінгенімен әсте олай емес!Олар-оған,ол-оларға керек!Сен де сол секілдісің: сен керексің,ешқашан өзіңді жалызбын деп ойлама,ешқашан!

-Неге?

-Сол!Кейін...анауым жоқ,мынауым жоқ дей бермей,керек па,ақшаң бар ма? Ал!Дер кезінде алып,жиған дүниеңді  пайдалана алмасаң оның жоғынан бары не?

-Сосын...,не ғой...(қуып кеткен жоқсың ба дегім келген,негізі,ол болса...)

-Не ғой? Жыланбай сөйлеші, и так та айтқаныңды орындаймын ғой.Маған осындай дауыспен «өтініш», «рахмет», «кешір»  деген сөздерді айтпашы.Достар арасында ешқашан мұндай сөздер айтылмауы керек!Дос-сенің бауырың!Уооот,көрдің бе,өмірді ғажап ету өз қолыңда!

-Саған не болған?

-Данышпан болып кеттім ба бүгін?!Сен сияқты Массагетпен ауырайын дегенмін ғо 

-хехе,жынды қыз десе!

***

             ...иә,Массагет мені өзгертті,алдын тек жылаңқы жазбаларымды төгетінмін,қазір сәл болсын өзгерейін дедім( өзіме солай сияқты). Кезінде бір данышпан  Сарыарқаға  келіп, бір топ блог сүйер қауымға «блог-тек сезімдерді жазудан құралмайды !» деп өсиет айтқан екен.Осы сөзден ұққаным,қара түнекті төндіріп тұратын менікіндей жылаңқы жазбалар оқыған адамның көңіл-күйіне тікелей әсер етеді екен.Мен қиналған нәрселерге өзгелер де еш себепсіз қиналуға болмайды ғой. Әрдайым позитивті болып жүруіміз керек.Бәрі өтікінші...Кеше  том-том болып жатқан қойын дәптерлерімді ақтарып отырып, өзімді «бейшара» сезініп кеттім ғой.Білмеймін неге екенін,жылай беріппін,жылай беріппін...Менің жылауық кейіпімді көргендер кезінде  не деген екен,ә?Ұятын-ай...( Ал  қазір,шүкіршілік...жылағым да келмейді!Бәрі тамаша болып тұрса қолдан бақытсыздық жасаудың керегі не?Босқа жасты ысырап етіп,көзіңді көлдеткеннен не пайда? Өмір үйретеді,досым,өмір! Менің осындай пікірде болуыма Массагеттің тікелей қатысы бар.Естіген адам мырс етер,оқып отырып сіз де: «мына қыз шынымен қиял десес қиял екен»дерсіз. Мейлі,өз  ойыңыз!

      Жалпы,Массагет деген бір мейірім тұнған орта,өзіне тез баурап алады, оның қолданушылары да өзгерек.Жақында, Массагеттіктермен қыдыруға шыққанда екінші інімді ерте барғанмын.Осы күнге дейін «СЭС»-тің бастығы болам дейтін,кездесуден кейін ойынан айнып «маған осы орта қатты ұнап қалды,все,Алла бұйырса журналист болам» дейді. «Тілеуің орындалсын,ботам»- дедім ішімнен. Блогшылардың бәрін журналист деп ойлады ғой деймін,негізі бір-ақ адам дипломы бар журналист,қалғандары өзіміз сияқтылыр.Рас,осында жазылған кез-келген нәрсенің біздің өмірімізге тікелей қатысы бар,өзгерте алады,көмегін тигізеді.Массагет,сенің барыңа-шүкір,осы ортада жүрген менің бағыма-шүкір!

Ойым тағы шашыраңқы болып кетті,негізі басқа нәрсе айтқым келген(

 

сурет нақыл.кз сайтынан алынды



Бөлісу: