Бармын!

Бармын!
жеке
блог

Күтіп жүрмін

Білмеймін

Аспанның ашықтығын

Майданның қашықтығын

Жүректің жұмсақтығын

Арманның ұшар шыңын

Күтіп жүрмін

Көңілдің пәктігін

Иманның сақтығын

Ашық қол адал көзбен

 Қарттарды жақсы көрген

Күтіп жүрмін

Шынайы бейнелерді

Бос күлкі көрмегенді

Өмірдің мәнін білген

Дананың кейпін киген

Жалғанға жармаспаған

Шындыққа асық жаным

Күлкілі

Күлетін себептер көп

Жылауға жаным өкпелі

Әлемнің қалпын көріп

Жүрек сырын төкпеді

Құпия

Бәрі жалған

Үлкен қара дария

Шындық құны тек арман

Адам кейпі құр сасқан

Күтіп жүрмін

Қуанған жанарларды

Асқарға бағытталған армандарды

Мөлдір тәтті күлкісін сәбилердің

Белгісіз қашанғы күтетінім

Қою керек

Жалған бояу бос сөздерді бүгінгі

Жақсы ма екен адам кейпі бұл күнгі

Отбасының белгісі кең дастархан

Жойғаннан соң қасиетін бұрынғы