Әр адамның қалауы мен ұмтылысы болады. Дегенмен, біреу табысқа жетеді, ал біреудің арманы орындалмайды. Біле білсеңіз, шындықты өзіңіз қалағандай жасауға мүмкіндік беретін тұтас бір ғылым бар. Садгхуру, атақты үнді йогині, философ және мистик, оның кейбір аспектілерін ашып айтқан және бұл туралы осы мақаладан оқи аласыз.
Ақыл-ойды ретке келтіріңіз. Компульсивті әрекеттерден саналы әрекеттерге көшіңіз. Ең алдымен сіз өзіңіз қалаған нәрсеге сөзсіз сенуіңіз керек және сол нәрсе орындалмауы мүмкін деген жоққа шығару мен күмәннан толығымен арылуыңыз керек. Өмір өзіңіз қалағандай өтуі үшін ең алдымен сіздің қалай ойлайтыныңыз маңызды!
Сіздің ойыңыз қаншалықты реттелген? Сіз қаншалықты зейінді ойлайсыз? Сіздің ойыңыз шындыққа айнала ма, әлде бос ой болып қала ма, бұны осы фактор анықтайды.
Өз ойыңызға теріс ойлау процесімен кедергі жасамаңыз. Ненің болуы мүмкін, ненің болуы мүмкін еместігін сіз шешпейсіз - бұл табиғаттың ісі. Сіздің міндетіңіз - сіз шынымен қалаған нәрсеге ұмтылу, соған сену.
Ненің мүмкін, ненің мүмкін болмайтынын анықтау үшін өткен тәжірибені негіз ретінде пайдаланбаңыз! Егер сіздің қолыңыздан осы уақытқа дейін нақты бір іс келмеген болса, ол ешқашан мүмкін болмайды деп ойлау - қате ойлау. Ертең бұл планетада бұрын-соңды болмаған нәрсе болуы мүмкін. Және сіздің өміріңізде де бұрын соңды болмаған нәрсе болуы мүмкін! Сіздің қолыңыздан бәрі де келеді. Сіз мұны жасауға қабілеттісіз! Ендеше, ненің мүмкін, ненің мүмкін емес екенін шешу сіздің ісіңіз емес, табиғаттың ісі.
Шынымен не қалайтыныңызды ойлаңыз және соған ұмтылыңыз!
Ой өте күшті, ешқандай теріске шығарусыз, ойлау процесінің қарқындылығын төмендететін жағымсыз ойларсыз болуы керек. Ең бастысы, сіз шынымен не қалайтыныңызды анық білуіңіз. Егер сіз не қалайтыныңызды нақты білмесеңіз, бір нәрсе құру туралы айтудың да қажеті жоқ.
Әр күніңізді бүгін қайда жүрсем де, айналамда және өз ішімде тек қуаныш туғызамын және арманымды орындау үшін бәрін жасаймын деген оймен бастаңыз.
Мақсатқа ұмтылған адам үшін сәтсіздік деген болмайды. Егер сіз 100 рет құласаңыз, сіз 100 рет жеңіліске ұшырамайсыз, сіз 100 сабақ аласыз.
Егер сіз өзіңізді сіз үшін шынымен де маңызды нәрсені жасауға арнасаңыз, сіздің ақыл-ойыңыз ретке келеді. Сіздің ақыл-ойыңыз реттелген болса, сіздің барлық эмоцияларыңыз да реттелген болады. Ақыл-ой мен эмоциялар реттелген кезде сіздің энергияңыз да сол бағытта реттеледі. Ақыл-ой, эмоциялар мен энергия реттелген кезде сіздің денеңіз де реттелген болады. Осы төрт өлшемнің барлығы бір бағытта үйлестірілгеннен кейін, сіздің қалаған нәрсені жасау қабілетіңіз өте зор болады. Ғаламның қайнар көзі болып табылатын нәрсе сіздің өміріңіздің әр сәтінде, сіздің ішіңізде жұмыс істейді.
Бұл өлшемге қол жеткізу үшін өміріңіздің осы төрт негізгі құралының барлығын ретке келтіру керек!